27 қараша 2017 09:53
Екінші Лиганың үздік сұрмергендері
27 қараша 2017 09:53
Өтіп кеткен маусымда Екінші Лига командалары арасындағы Біріншілік сынды жас турнирде рекордты команда саны қатысты - 16. Жарыс қызық және соғылған голдарға бай болды.
Біріншіліктің үздіктер қатарына болшағы зор және ойыны қызықты шабуылшылар кірді.
3. Темірлан Әміров, 20 жаста (СДЮШОР №7)
Үздік сұрмергендер үштігіне Шымкент қаласының СДЮШОР №7 командасының 20 жастағы шабуылшысы Темірлан Әміров кірді. Жас ойыншы Біріншілікте 14 рет гол соқты.
Темірлан әр түрлі голдар соқты. Бұл голдар Әміровтың қалыптан тыс ойылауының және қарсыластың алаңындағы қулығының арқасында соғылды. Әміровтың жеке шеберлігі жақсы: оның техникасы мен денесін ұстау қабілеті тамаша дамыған. Осы қасиеттердің арқасында ол дриблингті қолданып, бірнеше қарсыласты қапы қалдырып, әдемі доптар соққан.
Егер ойыншы тыным таппай еңбек етсе және әрі қарай жетілсе, оны тамаша болашақ күтуде. Мүмкін Темірланға Бекжан Абдрахманның жетістігін қайталауға мүмкіндік туар. Естереңізде болса, Абдрахман 2016 жылғы маусымда Екінші Лиганың үздік сұрмергені атанып, кейін "Атырау" құрамына ауысты.
Өзінің 14 голын Әміров "Рузаевка", "Тараз Ж", "Ақжайық Ж" (екі рет), "Шахтер Ж" (екі рет), "Астана Ж", "Тобыл Ж", "Ордабасы Ж", "Оқжетпес Ж" және "Ақтөбе Ж" сияқты командалар қақпаларына соқты.
2. Дәурен Кәйкібасов, 22 жаста ("Алтай")
Шымкент футболының түгелі Дәурен Кәйкібасов 29 ойында 18 гол соғуға мүмкіндік алды. Өзінің сұрмергендік қасиеттерін ол "Ордабасы" жастар командасы құрамында көрсете бастады. 2015 жылғы маусымда ол 26 ойында 13 рет қарсылас қақпасына допты дарытты. Сол маусымда Дәурен "Ордабасының" бас командасында өзінің алғашқы ойынан өткізіп үлгерді.
Аяқталған маусымда Кәйкібасов 18 доп соға алды. Бұл соғылған голдар оның бірнеше тамаша қасиеті бар шабуылшы екенін дәлелдейді. Дәурен қайсар және тамаша дриблингі бар ойыншы. Соғылған доптардың көпшілігін 22 жасар ойыншы баспен соққан. Сонымен қатар Дәурен 20 турда "Жетісу Ж" командасына допты шалқалай теуіп, өте әдемі тәсілмен салды.
Кәйкібасовтың сұрмергендік қасиеттеріннен "зардап шеккен" командалар: "Оқжетпес Ж" (екі рет), "Тобыл Ж" (екі рет), "Қайсар Ж" (үш рет), "Жетісу Ж", "Ертіс Ж", СДЮШОР №7 (екі рет), "Астана Ж", "Қайрат Ж" және "Атырау Ж" (үш рет).
1. Бақдәулет Жүзбай, 19 жаста ("Қайрат Ж")
Өткен маусымның үздік сұрмергені болып алматылық "Қайрат" жастар командасының 19 жасар шабуылшысы Бақдәулет Жүзбай атанды. Шабуылшы маусым нәтижесімен 20 гол соқты.
Бақдәулеттің бойын ұзын емес (175 см) және де жылдамғы жоғары депте айтуға келмейді, бірақ ол өзінде пайда болған мүмкіндіктерін жібермейді. "Қайрат" футбол клубының жас түлегі екі аяқпенде жақсы ойнайды. Жүзбай тек қана гол салып қоймай, доп соғатын мүмкіндіктердіде жасай білетін ойыншы. Ол - көшбасшылық қасиеттері бар, дриблингі жоғары шабуылшы.
Қызықты факт: өткен Екінші Лигадағы маусым бұл ойыншы үшін мансабындағы алғаш маусым болды. Бұған дейін шабуылшы тек "Қайраттың" 1998 жылы туылған жастар командасында ойнаған. Бірақ, ол ойыншының жастар арасындағы Чемпиондар Лигасында ойнаған кішігірім тәжірибесі бар.
Жүзбайдың 20 добы "Жетісу Ж", "Қайсар Ж" (алты гол), "Ертіс Ж" (екі рет), "Ақжайық Ж", "Тараз Ж", "Рузаевка" (екі рет), "Ақтөбе Ж", "Атырау Ж" (екі рет), "Астана Ж" (үш рет) және СДЮШОР №7 сияқты командалардың қақпасында болған.
Сонымен қатар, Бақдәулет пента-трик авторы атанды. Өзінің бес добын ол "Қайсар" жастар командасына салды (8 тур, есеп - 0:9).
Басқа жаңалықтар