KZ
KZ RU
15 шілде 2014 11:00

Ел кубогы жартылай финалының жеребе тарту рәсімі өтті

15 шілде 2014 11:00
Естеріңізге сала кетейік, 1/2 финалға "Астана", "Ақтөбе", "Қайрат" және "Шахтер" командалары жолдама алған болатын. Бүгін командалар қарсыластарын білді. Қазақстан футболының ардагері Мэлс Кенетаев жүргізген жеребе тарту рәсімінің нәтижесінде жартылай финалда Алматының "Қайраты" Қарағандының "Шахтерімен" жұп құраса, "Ақтөбе" "Астанамен" текетіресетін болды. Бірінші ойын 16 тамыз күні өтсе, жауапты кездесулер 24-25 қыркүйек күндері ойналады.
 
1/2 финал
Бірінші ойындар, 16 тамыз 
"Қайрат" - "Шахтер"

"Ақтөбе" - "Астана" 

 

Фото - Сергей НАДТОЧЕЙ