KZ
KZ RU
19 шілде 2022 16:36

Эльхан Астанов – Қазақстанның маусым айының үздік ойыншысы!

19 шілде 2022 16:36

Қазақстанның кәсіби футбол лигасы 2022 жылғы маусымның үздік футболшысын анықтау мақсатымен Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді.

Респонденттердің әрқайсысы үздік үштікті таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 3 балл – бірінші орын үшін, 2 балл – екінші орын үшін, 1 балл – үшінші орын үшін. Нәтижесінде барлық ұпайлар қосылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айда Қазақстанның үздік футболшысы болып «Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов атанды. Маусым айындағы үш ойында оның командасы 9 ұпай жинаса, 22-жасар жартылай қорғаушы 2 гол және 2 нәтижелі пас жасап, топ жарды. Эльхан 39 ұпай жинады.

Екінші орынды «Ақтөбе» шабуылшысы Уго Видемонт иеленді, француздық легионер 32 ұпай жинады. Уго маусым айында «Астана» мен «Атырауға» қарсы екі ойынға қатысып, гол мен нәтижелі паспен көзге түсті.

Үздік үштікті «Астана» ФК жартылай қорғаушысы Марин Томасов тұйықтады.

Кім кімге дауыс берді: