KZ
KZ RU
28 қараша 2022 12:02

Эльхан Астанов — Тимур Сегізбаев атындағы жүлденің иегері

28 қараша 2022 12:02

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылдан бастап Тимур Сегізбаев атындағы сыйлықты маусымның қорытындысы бойынша еліміздің үздік ойыншысына табыстауды ұсынды.

Бұл номинацияның жеңімпазы маусым барысында (наурыз-қазан айларында) айлардың қорытындысы бойынша сауалнамалардағы жеңістер саны бойынша анықталды.

2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша шымкенттік «Ордабасы» мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов осы марапатқа ие болды. 22-жасар Астанов маусым және шілде айларында екі рет қатырынан үздік атанды.

Эльхан Астанов Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында 26 ойын өткізіп, 7 гол соқты және 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Қазақстан Кубогында ол 8 ойынға қатысып, өз активіне 3 гол және 3 ассист жазды. Өзінің нәтижелі әрекеттерімен Астанов «Ордабасыға» Қазақстан Кубогын жеңіп алуға көмектесті. Қазақстан құрамасының сапында Эльхан 5 ойын өткізіп, 1 гол соғып, 1 гол нәтижелі пас берді.    

Сонымен қатар «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Хосе Канте (наурыз айында), «Тараз» және «Ақтөбе» сапында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана (сәуір), «Атыраудың» шабуылшысы Андрия Филипович (мамыр), «Тараздың» шабуылшысы Абылайхан Жұмабек (тамыз), «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев (қыркүйек) және «Астана» командасының сұрмергені Педро Эуженио (қазан) маусым барысында үздіктер қатарына кірді.