Емілдің арманы - алаңға оралу
Әлбетте, ол әзірге бәрін тани бермейді. Мені танып, амандасты. Шыны керек, мұндайды күтпеп ем, есіне түсіре алмайтын шығар деп ойлағанмын. Қазір сауықтыру процессі жүріп жатыр. Қасында ағасы Рүстем бар. Әрдайым жанынан табылып, көмектесіп те, дем беріп те жүрген сол.
Емілмен де сөйлесіп, халін білдім. Көп нәрсені есіне түсіре алмады. Бірақ футбол ойнағанын шырамыта есіне алды. Жасыл алаңда жасындай жарқылдаған кездерін есіне алғандай болды. Әңгіме барысында сұрақтарыма жауап беріп те жатты. Алаңға қайта оралғысы келетінін айтты. Енді екі айдан кейін тағы да ота жасатады. Әлі де біраз ем-дом қажет. Қашан толығып айығып шығатыны белгісіз. Барлығы да өзінің денсаулығына байланысты.
Жасырып қайтеміз, Емілдің алаңға оралу-оралмасы жайлы дәл қазір ешнәрсе айта алмаймыз. Өзінің арманы зор. Қайта доп тепкісі келетіні көздерінен-ақ көрініп тұр. Дәрігерлер әйтеуір қолдарынан келгенін жасауда. Жылдам айығып жатыр дейді олар. Жақын уақытта барлығы да белгілі болады.
КФЛ төрағасы
Михаил Гурман