22 қазан 2013 11:10
Ерден Халилин: «Шахтер» қазақстандықарды жеңіспен қуанту үшін барлығын жасайды»
22 қазан 2013 11:10
- Бізді өте ауыр кездесу күтіп тұр. "АЗ Алкмаардың" тарихы тереңде жатыр. Голландияның үздік ұжымдарының бірі. Дегенмен, "Шахтер" де намысқа тырысып, қазақстандық жанкүйерлерді қуантатын болады деп сенеміз. Ойын Қарағандыда емес, елордада өтеді. Алайда, "Астана-Арена" стадионына да "Шахтердің" жанкүйерлері көптеп келіп, көрермендер толып отырады деп үміттенемін. Әлбетте, жанкүйерлердің қолдауы біз үшін өте маңызды. Сондықтан, бүкіл футболсүйер қауымды "Астана-Арена" стадионына тамаша кездесудің куәсі болу үшін шақырамын.
- Ерден аған, ал Қарағандының өз заманауи стадионы қашан болады?
- Әзірге бұл мәселе басы ашық күйінде тұр. Әлбетте, менің де сұраған адамға, "иә, стадионның құрылысы басталды. Жақында керемет стадион салынатын болады" деп жауап бергім келеді. Бірақ дәл қазір клубтың қаржылық жағдайы ойымызды жүзеге асыруға мүмкіндік бермей тұр.
- Жалпы, «Шахтердің» еурододадағы биылғы ойындарына көңіліңіз тола ма?
- «Шахтер» биыл Еуропа аренасында үлкен жетістікке қол жеткізді. Дегенмен, "кеншілер" алдағы уақытта да халықаралық аренадағы ойындарымен жанкүйерлерді қуанта берсе екен деймін. Сондай-ақ, қарағандылықтардың бұл жетістіктері Қазақстан футболына серпін беріп, өзге командаларымыз да Еуропа шыңын бағындырса деген тілегім бар.
Сәкен Спанов,
Арнайы КФЛ сайты үшін
Басқа жаңалықтар