KZ
KZ RU
15 тамыз 2022 17:03

Еркебұлан Тұңғышбаевтың голы шілде айында үздік деп танылды

15 тамыз 2022 17:03

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың шілде айының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында дәстүрлі түрде сауалнама өткізді.

Футбол сүйер қауымның таңдауына OLIMPBET-Чемпионат және OLIMPBET-Кубогы ойындарының аясында өткен айда соғылған 10 гол ұсынылды.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың «Шахтер» қақпасына соққан голы үздік деп танылды. Нәтижелі соққыға 33,14% респондент дауыс берді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша екінші орынды Бауыржан Байтананың «Тобыл» қақпасына соққан голы иеленді.

Үздік үштікті «Мақтаарал» ФК өкілі Ғалымжан Кенжебектің «Ақтөбе» қақпасына соғылған нәтижелі соққысы тұйықтады.