KZ
KZ RU
21 маусым 2023 16:20

Ерсұлтан Төреқұл — Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының мамыр айындағы үздік ойыншысы

21 маусым 2023 16:20

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Дәстүрлі сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасының сұрмергені Ерсұлтан Төреқұл Солтүстік-Шығыс конференциясыда үздік атанды. Өз командасының төрт ойынында ол 9 гол соқты. Барлығы Төреқұл 24 балл жинады.

Сауалнамада екінші орынды «Академия 05» командасының шабуылшысы Бақтышат Абдуллаев (13 балл), үшінші орынды «Алтайдың» жартылай қорғаушысы Бекжан Зыкырьянов (11 балл) иеленді.

Кімге кім дауыс берді: