KZ
KZ RU
13 шілде 2023 18:20

Ерсұлтан Төреқұл — Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының маусым айындағы үздік ойыншысы

13 шілде 2023 18:20
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
 
Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Дәстүрлі сауалнаманың қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасының сұрмергені Ерсұлтан Төреқұл Солтүстік-Шығыс конференциясыда үздік атанды. Өз командасының екі ойынында ол 4 гол соқты. Барлығы Төреқұл 34 балл жинады.
 
Сауалнамада екінші орынды «SD Family» командасының жартылай қорғаушысы Әділжан Нұрбай иеленсе (13 балл), үшінші орында «Шахтер» жастар командасының жас ойыншысы Никита Ковальчук (9 балл).
 
Кімге кім дауыс берді: