KZ
KZ RU
10 тамыз 2022 16:03
ЕКІНШІ ЛИГА

Ерсұлтан Төреқұл — Екінші лиганың «Солтүстік-Шығыс» конференциясының ойыншысы

10 тамыз 2022 16:03

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Біріншіліктің Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік футболшысы болып «Жас Сұңқар» командасының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұл атанды. Ерсұлтан «Ақсу» жастар командасына қарсы ойында дубль авторы атанып, нәтижелі соққылар санын 13 допқа жеткізді.

Екінші орынды «Жас Қыран» шабуылшысы Максим Котов иеленді, ол «Жас Сұңқармен» болған ойында екі доп соқты.

Үштікті «Қызыл-Жар Ж» ойыншысы Алмас Измайлов қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: