KZ
KZ RU
08 тамыз 2023 14:29

Ерсұлтан Төреқұл - Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының шілде айындағы үздік ойыншысы

08 тамыз 2023 14:29
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы шілде маусымының қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс біріншілік конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
 
Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін 3 ұпай, екінші орын үшін 2 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұл кезекті рет Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды. Өз командасының шілде айындағы үш ойынында Төреқұл 8 гол соқты. Ерсұлтан 27 балл жинады.
 
Дауыс беруде 16 ұпайдан жинап, екінші және үшінші орындарды «SD Family» жартылай қорғаушысы Әділжан Нұрбай және «Елимая» жастар командасының шабуылшысы Айдын Металлов иеленді.