KZ
KZ RU
11 қыркүйек 2023 16:38

Ерсұлтан Төреқұл – Екінші Лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының тамыз айының үздік ойыншысы

11 қыркүйек 2023 16:38

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылдың тамыз айынның қорытындысы бойынша Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ұлытау» командасының шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұл кезекті рет Солтүстік-Шығыс конференциясының үздігі атанды. Тамыз айында өткен бес ойында шабуылшы алты гол соғып, сұрмергендер тізіміндегі көшбасшылықты нығайтты. Төреқұл сауалнамада 31 ұпай жинады.

«SD Family» жартылай қорғаушысы Әділжан Нұрбай жеңімпаздан 10 ұпайға артта қалды. Үздік үштікті «Ақсу Ж» шабуылшысы Александр Бовкун тұйықтады.