KZ
KZ RU
07 қазан 2022 11:57
ЕКІНШІ ЛИГА

Ерсұлтан Төреқұл — Екінші Лиганың «Солтүстік-Шығыс» конференциясының қыркүйек айындағы үздігі!

07 қазан 2022 11:57

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2022 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша «Солтүстік-Шығыс» конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Жас Сұңқар» командасының көшбасшысы Ерсұлтан Төреқұл «Солтүстік-Шығыс» конференциясының үздік футболшысы атағына ие болды. Елордалық ұжымның шабуылшысы үш ойында үш гол соғып, командаға жарыстың жүлдесі үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шарада екінші орынды «Хан-Тәңірі» командасының көшбасшысы Рахымжан Розыбакиев иеленді. Алматылық клуб Екінші Лигада қос конференция арасында алтын медальдарды сарапқа салатын ойынға қатысу мүмкіндігіне ие болды, ал Розыбакиев қыркүйек айында өткен үш ойында екі рет нәтижелі соққымен көзге түсті.

Үздік үштікті «SD Family» клубының ойыншысы Рахат Қабдуллов қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді: