KZ
KZ RU
21 маусым 2022 17:29
ЕКІНШІ ЛИГА

Ерсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды

21 маусым 2022 17:29

Екінші лиганың «Жас Сұңқар» - «Тобыл-Ж» командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің 8-турының ойынының алдында Солтүстік-Шығыс конференциясының ең үздік ойыншысы жүлдесі астаналық команданың шабуылшысы Ерсұлтан Төреқұлға табысталды.

Ерсұлтан бас бапкерлер мен команда капитандарын арасында өткен сауалнамада 28 ұпай жинап, үздік атанды.

Жүлдені Целиноград футболының ардагері, «Целинник» командасы сапында 300-ден астам ойын өткізген, КСРО спорт шебері Владимир Романович Павлюк табыстады.

- Бірінші кезекте, өз командама және бапкерлер штабына атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді. Бұл марапатқа ие болғаныма қуаныштымын, бұл мені оданда жақсы жұмыс жасауға жігерлендіреді. Командаға чемпионатта бірінші орын алу үшін көмектесу үшін бар күшімді саламын, - деді Ерсұлтан.