KZ
KZ RU
02 ақпан 2012 14:45

"Ертіс" "Черноморецтен" жеңілді

02 ақпан 2012 14:45

Бірінші таймда Силантьев пен Бобкода гол соғатын мүмкіндіктер болды. Екінші таймда Бурдужан сегіз метр қашықтықтан допты қақпаға бағыттаған еді, "теңбіл снаряд" бағанадан сәл қиыс кетті. «Ертіс» те қарап қалған жоқ. Есепті теңестіруге тырысып бақты. Бірақ доп "Черноморец" қақпасының маңына жақындай алмады. "Теңізшілер" қысқы дайындық кезеңінің бесінші кездесуінде жеңіске жетті. 
Әдеттегідей бұл матчты да өзге клуб өкілдері мен футбол делдалдары тамашалады. Ал көршілес алаңда жаттықтырушылар кеңесіне Игорь Гамула кіретін "Ростов" футбол командасы жаттығып жатқан еді. Жолдастық кездесудің алдында "закарпатьяның" бұрынғы бапкері одессалық әріптестері және футболшылармен сөйлесіп, артынан ол да ойынды тамашалауға кірісті.

«Черноморец» (Украина) — «Ертіс» (Қазақстан) — 2:0
2012 жылдың 1 ақпаны. Сиде (Түркия). сағат 17:00. «Starlight» қонақүйінің жаттығу алаңы. 8 градус. Жасанды алаң.
Төрешілер – Б. Албайрак, Х. Козан, К. Эроглу (Анталия, Түркия).
«Черноморец»: Паст (Николаев, 60), Бабич (капитан), Шиманек (П. Ковальчук, 60), Кутас (Донец, 38), Зубейко (Слинкин, 85), Сетти, Лихачев, Слинкин (Кулишенко, 38), Бобко, Силантьев (Цыгырлаш, 77), Бурдужан (Диденко, 68).
Бапкер – Роман Григорчук.
«Ертіс»: Лория (Котляр, 46), Отабаев (Шомко, 62), Кучера, Кулибали (Шоши, 65), Юрин (Мальцев, 55), Аяғанов, Чичулин, Заречный (Шабалин, 55), Говедарица (капитан), Струков, Эсомба (…, 86).
Бапкер — Талғат Байсуфинов.
Голдар: Бурдужан (31), Диденко (74).
Ойынның 64-минутында Струков пенальти орындай алмады (қақпашы).
Ескертулер: Бурдужан (61), Кулишенко (85) — Говедарица (57), Шабалин (69).


chernomorets.odessa.ua