KZ
KZ RU
11 шілде 2013 21:30

«Ертіс» — «Левски» 2:0. "Ертіс" ерлік жасады

11 шілде 2013 21:30

«Ертіс» (Павлодар) — «Левски» (София, Болгария) 2:0

Голдар: Мурзоев, 6. Бақаев, 13-пен.

Ескертулер: Говедарица 21, Котляр 31, Мухутдинов 35, Иванов 64, Бакаев 67, Шабалин 78 — Мулдер 72, Илиев 74

Ойынның 12-минутында Димов алаңнан қуылды.

«Ертіс»: Котляр, Чернышов, Кулибали, Кучера, Шомко, Мухутдинов, Говедарица (Чичулин 58), Иванов, Юрин (Шабалин 73), Мурзоев (Аяғанов 90), Бақаев.

«Левски»: Илиев, Мулдер, Ангелов, Старокин, Рамон Лопес (Велев 46), Жоау Силва (де Карвальо 46), Родригес, Везалов, Криштовау, Димов, Брю

Бас төреші: Александр Харкам (Аустрия)

Бірінші ойын – 0:0

 

Софияда тең түскеніне қарамастан жауапты ойында да «Ертіске» сенім артқандар, шыны керек, көп болған жоқ. Бірақ Талғат Байсуфино шәкірттері Болгарияның 26 дүркін чемпионын тізе бүктірді.

            Несін жасырайық, «Левскидің» қаншалықты қарымды команда екенін білетін біз павлодарлықтар өз алаңында ойнаса да, негізінен қарымта шабуылдарға иек артатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ Талғат Байсуфиновты өзгеше ойлайтын бапкер деп бекер айтпаса керек, шәкірттері бірден шабуылға лап қойып, қонақтарды қыспаққа алды. Мұндайды «Левскидің» өзі де күтпесе керек, шегіншектей берді. Алдымен Ұлықьбек Бақаев оң қапталдан пас асырған еді, командаластары допқа жете алмады. Одан кейін Ұлықбектің өзі де қақпаны нысанаға алып көрді. Болгарлардың қақпашысы Пламен Илиев сыр бермеді. Алайда Альмир Мухутдиновтың әуелете асырған әдемі пасын сәтті пайдаланған Камолдин Мурозоев ақыры есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Бұл есептің алтыншы минуты болатын. Арада тағы осынша уақыт өткенде қонақтардың қорғаушысы Даниел Димов өз айып алаңында Бақаевты шалып жығып алаңнан қуылды. Ал Ұлықбек пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

            Кем құрамда қалған қонақтар «не бел кетеді, не белбеу» кетеді деп шабуылға лап қойды. Оңынан да, солынан да қорғанысымызды бұзып жара өткенімен қақпашымыз Вячеслав Котлярға еш қауіп төндіре алмады. Үзіліс кезінде болгарлар ойыншы алмастырып, ойынға өзгеріс енгізуге тырысты. Бірақ жанкүйерлерінің қолдауынан қуат алған «Ертістің» екпінін басу мүмкін болған жоқ.

            Енді «Ертіс» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Босния және Герцеговинаның «Широки Бриег» командасымен текетіреседі. Бірінші ойын шілденің 18-інде Керекуде өтсе, қарымта матч 25 шілде күні Широки Бриегте өтеді.