KZ
KZ RU
21 желтоқсан 2013 10:38

Еурододадағы рекордтарымыз

21 желтоқсан 2013 10:38
  • Қазақстандық клубтар бірінші рет бір маусымда 12,5 ұпай жинады. «Шахтер» 6 ұпайды қоржынға салса, «Ақтөбе» — 4, «Ертіс» — 2,5 және «Астана» — 0 ұпай еншіледі. Бұған дейін ең жоғарғы жетістігіміз — 6,5 ұпай болатын. Яғни, осыған дейін 2011/12 жылғы футбол маусымындағы көрсеткішімізбен мақтанып келгенбіз.

Маусымдағы ұпайлар:
1.​ Қазақстан 2013/14 — 12,5 ұпай;
2.​ Қазақстан 2011/12 — 6,5;
3.​ Қазақстан 2012/13 — 5,5;
4.​ Қазақстан 2009/10 — 5,0;
5.​ Қазақстан 2010/11 — 3,5.

 

  • Бірінші рет Қазақстан клубы бір маусымда 6 ұпай еншіледі. Нақты айтсақ, Қарағандының "Шахтері". Бұған дейін үздік нәтиже "Ақтөбенің" еншісінде болатын. 2010/11 жылғы футбол маусымында "Ақтөбе" еншілеріне 3,5 ұпайды салған. Айтпақшы, "Ақтөбе" биыл көрсеткіштерін жақсартып, 4 ұпайды қоржынға тоғытты.

Маусымдағы ұпайлар:
1.​ «Шахтёр» 2013/14 — 6,0 ұпай;
2.​ «Ақтөбе» 2013/14 — 4,0;
3.​ «Ақтөбе» 2010/11 — 3,5;
4.​ «Ақтөбе» 2009/10 — 2,5;
5.​ «Шахтёр» 2011/12 — 2,5;
6.​ «Ақтөбе» 2012/13 — 2,5;
7.​ «Ертіс» 2013/14 — 2,5.

 

  • Бірінші рет Қазақстан клубтары жалпы қоржынға бір маусымның ішінде 3,125 баллды салды. Бұған дейін үздік көрсеткіш 2011/2012 жылғы футбол маусымының еншісіне тиесілі болатын. Сол жылы қазақстандық клубтар жалпы қоржынға 1,625 баллды салған.

Маусымдағы баллдар:
1.​ Қазақстан 2013/14 — 3,125 баллдар;
2.​ Қазақстан 2011/12 — 1,625;
3.​ Қазақстан 2012/13 — 1,375;
4.​ Қазақстан 2009/10 — 1,250;
5.​ Қазақстан 2005/06 — 1,000.

 

  • Бірінші рет Қазақстан клубтары бір маусымда жинаған баллдары бойынша Еуропа елдері арасында 25-орынға көтерілді. Маусым қорытындысы бойынша бізден төмен елдердің ішінде тек Словения ғана Қазақстанды қуып жетуі мүмкін. 25-26-орындар - бұл әзірге Қазақстан еурофутболы тарихындағы ең жоғарғы жетістік. Бұған дейін үздік көрсеткішіміз 32-орын (2011/12 ж) болған.

Маусымдағы орын:
1.​ Қазақстан 2013/14 — 25-26 орын;
2.​ Қазақстан 2011/12 — 32;
3.​ Қазақстан 2012/13 — 35;
4.​ Қазақстан 2005/06 — 38;
5.​ Қазақстан 2008/09 — 39.

 

  • Бірінші рет Қазақстанның клубы бір маусымда жинаған ұпайлары бойынша Еурододаға түскен 237 клубтың ішінде 67-орыннан көрінді. Бұл жетістік те Қарағандының "Шахтеріне" тиесілі. Бұған дейін үздік көрсеткішке "Ақтөбе" жетіп, 2010-11 жылғы еурофутбол маусымында 95-орынға тұрақтаған болатын. Айтпақшы, "Ақтөбе" биыл сол көрсеткішін жақсарта алып, әлгі 237 команданың ішінде 86-орынға орнықты.

Маусымдағы үздік орындар:
1.​ «Шахтёр» 2013/14 — 67 орын;
2.​ «Ақтөбе» 2013/14 — 86;
3.​ «Ақтөбе» 2010/11 — 95;
4.​ «Ертіс» 2013/14 — 101;
5.​ «Шахтёр» 2011/12 — 104;
6.​ «Ақтөбе» 2009/10 — 109;
7.​ «Актобе» 2012/13 — 110;

 

  • Дегенмен, биыл антирекордымыз да бар екен. Елорданың "Астанасы" өзінің алғашқы екі кездесуінде де жеңіліп қалып (0:1, 0:5), еурододаға түскен әлсіз командалармен бірге 205-237 орындарды бөлісті. Бұған дейін ең нашар көрсеткіш "Тобыл", "Шахтер" және "Атыраудың" еншісінде болатын. Үшеуі де 2010/11 жылғы футбол маусымында 202-орыннан көрінген.

Маусымдағы ең нашар орындар:
1.​ «Астана» 2013/14 — 205 орын;
2.​ «Тобыл» 2010/11 — 202;
3.​ «Шахтёр» 2010/11 — 202;
4.​ «Атырау» 2010/11 — 202;
5.​ «Тобыл» 2007/08 — 189;

 

  • Бірінші рет Қазақстан УЕФА-ның коэффициенттік кестесінде маусым қорытындысы бойынша 34-орынға көтерілді. Әлбетте, маусым әлі аяқталған жоқ. Бірақ рейтингте бізден төмен орналасқан елдердің ешқайсысы енді Қазақстанды қуып жете алмайды. Бұл Қазақстан футболының еурокубок тарихындағы үздік көрсеткіші. Бұған дейін үздік нәтиже болып, 2012/13 жылғы маусымындағы жетістігі саналған. Сол кезде Қазақстан маусым қорытындысы бойынша 38-орынға орныққан-ды.

Маусымдағы үздік орындар:
1.​ Қазақстан 2013/14 — 34 орын;
2.​ Қазақстан 2012/13 — 38;
3.​ Қазақстан 2011/12 — 40;
4.​ Қазақстан 2010/11 — 41;
5.​ Қазақстан 2009/10 — 42.