KZ
KZ RU
09 ақпан 2012 15:46

"Факелмен" тең ойын

09 ақпан 2012 15:46

           Бұл жолы жерлестерімізге Ресей чемпионатының бірінші дивизионында өнер көрсететін Воронеждің "Факелі" қарсылас атанды.

         Матч басталғаннан-ақ ойын тізгінін қолдарына алған "ақтөбеліктер" шабуылды бірден үдетті. Сөйтіп, қарсыластарымыз 3-ші минутта-ақ өз айып алаңдарында "Ақтөбе" ойыншысын шалып жығуға мәжбүр болды. Команда капитаны Самат Смақов пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Дегенмен ширек уақыт өтпей жатып қарсыластар есепті теңестіріп кетті. Сол-ақ екен, Юрий Логвиненко мен Петр Бадло жабылып жатып "Ақтөбені" қайта алға шығарды. Логвиненконың баспен соққан добын қақпашы қайтарған еді, допқа бірінші болып Бадло жетті. "Ақтөбенің" басымдығымен өтіп жатқан ойында жерлестеріміз жеңіске жетеді деп ойлағанбыз. Бірақ ресейліктер бәрібір есепті теңестіріп кетті. Енді "Ақтөбе" келесі жолдастық кездесуін ақпаанның 11-інде Хорватияның "Раднички" (Сплит) клубына қарсы өткізеді. Ал жиын 12 ақпанда аяқталмақ.


fc-aktobe.kz