Фамильцев пен Алюетов – UBET-Бірінші Лиганың 2023 жылғы маусым айынының үздік бапкерлері
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы маусым айындағы UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы біріншіліктің үздік бапкерін анықтау үшін Бірінші Лига командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.
Сауалнама қорытындысы бойынша бірдей дауыс санын жинаған екі үздік бапкер анықталды. «Тұранның» бас бапкері Александр Фамильцев пен «Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетов әріптестерінен 3 дауыстан жинап, номинацияда топ жарды.
Қазақстан құрамасының экс-футболшысының басшылығымен «Тұран» Бірінші Лиганың 4 матчында 4 рет жеңіске жетті, сондай-ақ «Астана» командасымен кубоктық кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты.
Алюетовтың жетекшілігімен елордалық клуб маусымның үш ойынында екі жеңіске жетіп, тек турнир кестесінің көшбасшысы «Елімайға» жол берді.
Үшінші орында үш маман орналасты: Кирилл Морунов («Қайрат-Жастар»), Сергей Тагиев («Түркістан») және Игорь Прохницкий («Ақжайық»).
Кім кімге дауыс берді: