KZ
KZ RU
20 маусым 2023 14:43

Файзулла Ордабаев - Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының мамыр айындағы үздік бапкері

20 маусым 2023 14:43

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы мамырда үздік бапкерін анықтау үшін Екінші Лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясы командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Оңтүстік» жастар командасының бас бапкері Файзулла Ордабаев өткен айдың үздік бапкері болып танылды. Ордабаевқа 9 әріптесінің 4-і өз дауыстарын берді.

Ордабаевтың басшылығымен «Онтүстік» командасының жас футболшылары өткен айда 4 ойында 4 рет жеңіске жетті.