KZ
KZ RU
07 наурыз 2012 18:28

ҚФФ Атқару комитетінің мәжілісі өтті

07 наурыз 2012 18:28

1. Күн тәртібіндегі мәселелерді бекіту.
2. Футболдан Қазақстан Республикасы Премьер-лига клубтары біріншілігінің 2012 жылғы регламентіне" өзгерістер енгізу.
3. Ойындардың күнтізбесін бекіту. 
4. Әйелдер футболының ережесін бекіту.
5. Қазақстан Республикасының біріншілігі Бірінші лига клубтарының 2012 жылғы маусымындағы құрамдарын бекіту.
6. "ҚФФ аясындағы ерлер арасындағы клубтар мен командалардың додалар құрылымын" бекіту.
7.Аймақтық футбол федерациялардан келген құжаттардың келісімі (М.И. Гурман)


Екінші мәселе бойынша мынадай шешімдер шығарылды:

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГА КЛУБТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БІРІНШІЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІ
1. «5.2.» пунктіне өзгеріс енгізу: Легионерлер саны жөніндегі регламент. Матч хаттамасына бұрынғыдай бесеу емес, алты легионер тіркеуге болады.
Дегенмен, алаңда бір мезетте ойнай алатын легионерлер саны өзгеріссіз қалды. Яғни, бесеу.
2. «5.4.» пунктіне өзгеріс енгізу: 1990 жылдан жас ойыншылардың саны жөніндегі регламент.  Матч хаттамасына үш емес, екі жас ойыншыны міндетті түрде тіркеу.
Дегенмен, "5,3"  пунктінде көрсетілген, яғни алаңға бір ғана жас ойыншыны шығаруға болады деген ереже өзгеріссіз қалды.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-ЛИГА КЛУБТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БІРІНШІЛІКТІҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ ҚФФ вице-президенті С. И. Байшақовтың түсініктемесі:

«Регламенттегі "Матч хаттамасына тіркелетін легионерлердің саны жөніндегі өзгеріс" кеше өткен Лига кеңесінде Премьер-лига клубтары басшыларының ұсынысымен жүзеге асты. Біз бұл өзгерісті қолдаймыз. Өйткені, клубтар елімізге келіп жатқан тәжірибелі легионерлердің пайдасын барынша пайдалана алулары тиіс. "Лимиттегі жастарға" байланысты өзгеріс — жас ойыншылар арасында бәсекелестікті арттыру мақсатында қабылданды"