KZ
KZ RU
20 наурыз 2018 19:24

ҚФФ Атқарушы комитеті Бірінші лига Біріншілігінің құрамына өзгерістер еңгізді

20 наурыз 2018 19:24
2018 жылдың 20 наурызында өткен отырыста Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті 2018 жылғы маусымның Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің құрамына өзгеріс енгізді:
 
- Ақтөбе облысының Әкімшігінің өтінішінен кейін «Ақтөбе-Жас» футбол клубын Бірінші Лига Біріншілігінің құрамына қосуға шешім қабылданды.  
 
«Ақтөбе-Жас» - «Ақтөбе» футбол клубының құрылымына кіретін ұжым. Дәл осылай ертеректе «Байқоңыр», «Жетісу Б», «Қайрат А» және «Шахтер-Болат» командалары Біріншілік құрамына қосылған.
 
2018 жылғы маусымның Қазақстан Республикасының Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің құрамы:
 
«Алтай» (ШҚО)
«Ақтөбе-Жас» (Ақтөбе қ.) –«Ақтөбе» ФК құрылымындағы команда
«Байқоңыр» (Қызылорда қ.) - «Қайсар» ФК құрылымындағы команда
«Жетісу Б» (Талдықорған қ.) - «Жетісу» ФК құрылымындағы команда
«Қайрат А» (Алматы қ.) - «Қайрат» ФК құрылымындағы команда
«Каспий» (Ақтау қ.)
«Қыран» (Шымкент қ.)
«Мақтаарал» (Мақтаарал ауданы, ОҚО)
«Оқжетпес» (Көкшетау қ.)
«Тараз» (Тараз қ.)
«Шахтер-Болат» (Теміртау қ.) - «Шахтер» ФК құрылымындағы команда
«Екібастұз» (Екібастұз қ.)
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ Атқарушы комитеті Біріншіліктің құрамына өзгеріс еңгізгеннен кейін Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің жаңарған күнтізбесін жариялайды – күнтізбемен мына сілтеме арқылы танысуға болады.