KZ
KZ RU
11 тамыз 2021 17:05

ҚФФ Атқарушы комитеті ҚКФЛ жалпы жиналысының ұсыныстарын бекітті

11 тамыз 2021 17:05

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мүшелерінің жалпы жиналысында Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің қарауына 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасы Кубогы Регламентіндегі плей-офф сериясындағы қарсылас алаңында соғылған гол ережесін алып тастауға қатысты өзгерістер туралы ұсыныс жасады.

ҚФФ Атқарушы комитеті бұл өзгерісті қолдады. OLIMPBET-Қазақстан Республикасы Кубогы Регламентінің жаңа редакциясына сәйкес, ағымдағы маусымнан бастап, 1/4 және 1/2 финал кезеңдерінде құрылған жұптарда жеңімпаз әр команданың алаңында өткізілген екі ойынның қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде анықталатын болады. Бірақ егер екі ойынның қорытындысы бойынша қос команда бірдей гол соқса немесе гол соқпаса, онда қарымта кездесудің негізгі уақытынан кейін қосымша уақыт ойналады (15 минуттан 2 тайм). Егер қосымша уақытта қос команда бірдей гол соқса немесе гол соқпаса, онда жеңімпаз ойын ережелеріне сәйкес 11-метрлік пенальти сериясында анықталатын болады.

OLIMPBET-Қазақстан Кубогы Регламентінің аталмыш өзгерістері УЕФА аясынада өткізілетін халықаралық турнирлер ережесіндегі ұқсас өзгерістерден кейін орын алды. Бұған дейін УЕФА Атқарушы комитеті 2021/22 маусымынан бастап барлық клубтық жарыстарда қарсылас алаңында соғылған гол ережесін алып тастауға шешім қабылдады.

Сонымен қатар, ҚФФ Атқарушы комитеті 2022 жылғы маусымда ҚКФЛ аясында өтетін барлық жарыстарда қолданылатын допты таңдады. Жаңа маусымнан бастапішкі жарыстардың ресми добы болып Adidas компаниясының CONEXT21 PRO добы атанады.