KZ
KZ RU
02 маусым 2023 17:29

ҚФФ Атқарушы комитеті ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін бекітті

02 маусым 2023 17:29

Астанада өткен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында кәсіби футбол клубтары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін бекітілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері 2018 жылғы маусымның «жазғы трансферлік терезесінің» басталуы мен аяқталуы мерзімін 26 маусым мен 24 шілде аралығына белгілеп, ҚФФ Атқарушы комитетіне жіберген болатын.

ҚФФ Атқарушы комитетінің жиын қорытындысы бойынша клубтардың ұсынысын қолдап, ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңінің мерзімін аталған уақытқа бекітті.