ҚФФ атқарушы комитетінің отырысы болып өтті
Қазақстандық футзал және оның дамуы
Алматылық «Қайраттың» халықаралық аренадағы жетістіктері, қазақстандық футзалдың европалық биік мансабы және УЕФА-2010/2011 төрт Кубок финалының Алматыда сәтті өткізілуі бұл спорт түрінің жақсы танымал, әрі болашақ даму мүмкіндіктерінің үлкен екенінен хабар береді. Еліміздің кптеген аймақтарында облыстық және аудандық деңгейде жүздеген әуесқой ұжымдар қатынасатын жарыстар өтікізіліп тұрады.
Серік Ахметов Қарағанды облысында 2011-2014 жылдарға футбол дамуының бағдарламасы жасалғанын, оның ішінде футзалға арналған жеке топтаманың қарастырылғанын айтып өтті. Осыған қоса, Қарағанды облысының орта білім беретін он мектебінде оқу бағдарламасына футзал бойынша қосымша сабақ енгізу жөніндегі сұрақ та өз шешімін табуға жақын. Дегенмен, 2010/2011 жж. Қазақстан чемпионатына тек қана төрт клуб қатынасты. ҚФФ футзал департаменті атқарушы комитетке Премьер-Лига клубтары құрамында Қазақстан чемпионатына қатынасатын футзал клубтарын ашуды ұсынған болатын. Бірақ атқарушы комитет бұндай ұсынысты осы маусымда енгізу клубтарға қысым түсіретін болғасын қабылдамады. Өйткені, бұл шешімді іске асыру үшін клубтардың бюджетінде қарастырылмаған қомақты қаржы керектігі түсінікті.
Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты, атқару комитеті футзал департаментіне, Қазақстан Республикасы спорт және туризм Министрлігімен бірге ҚФФ аппаратына футзалдың әрі дамуына және ДЮСШ бойынша арнайы футзал бөлімдерін ашуға қатысты шаралардың жоспарын жасауды тапсырды. Сонымен бірге, атқару комитеті футзал департаментінің алдына Қазақстан чемпионатына қатынасушылардың санын көбейтіп, кемінде сегіз клубқа жеткізу жөнінде міндет қойды. Осыған ұқсас шаралар жоспарын жасау қыздар футболына жауаптыларға да тапсырылды.
Премьер-лига клубтары штаттарына физикалық дайындық жөніндегі бапкерлерін міндетті енгізу
2012 ж. маусымынан әрбір Премьер-лига клубына физикалық дайындық жөніндегі бапкердің болуы міндеттеледі. Бұл ұсынысты атқарушы комитет оң қабылдап, Премьер-лига футбол клубтарын сертификаттау талаптарына енгізді.
2011 жылдың шілде айынан бастап ҚФФ Техникалық орталығы базасында бапкерлерді оқытатын үш семестр өтеді. Оқу үрдісін жолдастық жөніндегі Меморандум шеңберінде Германия Футбол Одағы мамандары жүргізетін болады.
Кем дегенде «А» категориялы лицензиясы бар тек қана Қазақстандық мамандар Премьер-лига клубтарына физикалық дайындық жөніндегі бапкер қызметіне орналаса алады.
Алдымен, осынау ұсынысты клубтардың басшылықтары 3 маусымда өткен Лига Кеңесінде құптады. Бұл жаңашылдық халықаралық жарыстардан көргендей, физикалық дайындық жағынан біздің ойыншылар шетелдік футболшыларға жол беріп қоятындығынан енгізіліп отыр.
А.И. Коночкин Даулы мәселелерді шешу жөніндегі Палатаның құрамына енгізілді.
Лига Кеңесі ұсынған «Астана» ФК техникалық директоры Александр Коночкинді атқарушы комитет даулы мәселелер шешу жөніндегі Палатаның құрамына енгізді. ФИФА ұсынысы бойынша, даулы мәселелер шешу жөніндегі Палатаның құрамына футболдық клубтардың өкілі енуі тиіс.