ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысы өтті
14 желтоқсан күні Астанада Қазақстандық футбол Федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Бұл отырысқа Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы атынан ҚКФЛ президенті, ҚФФ вице-президенті Азамат Айтқожин қатысты.
Атқарушы комитеттің жұмысы барысында Лиганың талқыға шығарылған бірнеше сұрақтар қаралды. Соның ішінде 2017 жылы ҚКФЛ өткізген бірнеше жарыстардың - Премьер-Лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Екінші лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаты, Қазақстан Республикасы Кубогының және Қазақстан Республикасы Суперкубогының - нәтижелері қорытындыланды. Сонымен қатар, 2018 жылғы бірінші трансферлерді тіркеу кезеңі қабылданды - 2018 жылдың 11 қаңтарынан 3 сәуіріне дейін.
Бұдан басқа, ҚФФ Атқарушы комитеті келесі өтініштерді қолдады: ҚКФЛ-ның "Оңтүстік футбол Академиясын" және "ОСДЮСШОР" (Оңтүстік-Қазақстан облысы) клубтарын 2018 жылғы Екінші Лига командалары арасындағы Қазақстан Чемпионаты Біріншілігінің қатысушыларының құрамына кіргізу туралы өтінішхаты; "Екібастұз" ФК Бірінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қатысушылар құрамында сақтап қалу өтінішхаты және де "Жетісу" ФК екінші командасын 2018 жылғы Бірінші Лига командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қатысушылар құрамына кіргізу туралы өткнішхаты.