28 сәуір 2018 11:18
ҚФФ мен ҚКФЛ-ның шұғыл жиналысы өтті
28 сәуір 2018 11:18
Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының шұғыл жиналысы өтті. Онда Премьер-лиганың жетінші турындағы «Қайсар» - «Ордабасы» матчының бас төрешісіне белгісіз тұлғалар тарапынан қысым көрсету әрекеті қаралды.
Осы оқиғаға байланысты матчтың бас төрешісі Алексей Бобровтың орнына FIFA төрешісі Денис Лобашов қою жөнінде шешім қабылданды. Бұл жағдай бойынша Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінде қылмыстық іс қозғалды.
28 сәуір, 7 тур
Қайсар - Ордабасы
Төрешілер: Денис Лобашов, Ринат Якбаров, Төребек Жақсылық
Резерв төреші: Еркен Жантуғанов
Инспектор: Николай Бублинский
Басқа жаңалықтар