KZ
KZ RU
12 маусым 2012 12:19

ҚФФ техникалық орталығының тобы Словениядағы "Бұқаралық футбол" семинарына қатысты

12 маусым 2012 12:19

Бұл семинарға Қазақстан футбол федерациясы зерттеу тобының 11 мүшесі шақыртылған болатын.

УЕФА-ның Study Group Scheme (SGS) бағдарламасы бапкерлерді, әкімшілік қызметкерлерді, медициналық қызметкерлерді және тәрбиешілерді даярлаудағы қосымша бағдарлама болып табылады. Бұл — УЕФА-ға мүше елдердің өзара тәжірибе алмасуын көздейді.
Люблянаға қонақүйге жайғасып, семинар өтетін Austria Trend Hotel Ljubljana орталығына келген бетте-ақ ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды «Адидас» компаниясының біріңғай формасымен қамтамасыз етті.

Кестеге сәйкес семинардың ашылу салтанаты сағат 18:30-да басталды. Алдымен алғысөзді Словения футбол федерациясының бас хатшысы Ales Zavrl мырза айтты. Одан кейін Словения футбол федерациясы Техникалық орталығының директоры Бране Елснер де ортаға шығып, аталмыш курстың бағдарламасымен таныстырды. Ал соңында Әлемдік футболдың елшісі, УЕФА өкілі Per Ravn Omda қатысушыларға ақ жол тіледі.

Одан кейін Қазақстан, Мекедония және Черногория елдерінің өкілдері өз қауымдастықтарындағы бұқаралық футболдың жағдайымен таныстырды. Қазақстан тарапынан презентацияны ҚФФ Техникалық орталығының ұстазы Эльвира Ахметова жүргізді. Өте мазмұнды, ақпаратқа толық, тарихи және географиялық деректермен қамтамасыз етілгендіктен Қазақстанның презентациясы барлығының қызығушылығын тудырып, УЕФА өкілдеріне де ұнады.
Екінші күні Словения футбол федерациясы Бұқаралыұ футбол бөлімінің директоры Milos Rus презентация жасап, бұқаралық футболдың маңыздылығы туралы баяндап, оны дамытудың жолдарын қарастырып өтті.
Үзіліс кезінде барлық өкілдер Football Fan –Ljubljana (final event) додасының балалардың қатысуымен өткен финалдық сынына шақыртылды.

Күннің екінші жартысында бағдарлама аясында Атқару комитетінің мүшесі мен УЕФА Әлемдік футболдың елшісі Per Ravn Omdal "Бұқаралық футболдың маңыздылығы" тақырыбында баяндама жасады.
Аздаған үзілістен кейін Словения футбол федерациясының жаттықтырушысы Ата-ана, балалар және бапкерлер ара-қатынасы" тақырыбында кезекті баяндамасын жүргізді. Керемет жүргізілген презентациядан түйген ойларымыз да көп.

Барлық елдердің баяндамалары жасалып болған соң семинарға қатысушылар стадионға шақыртылып, 8, 10 және 12 жастағы жеткіншектердің ойындарын тамашалады. 200-ге жуық балалар қатысқан бұл ойын өте керемет әсер қалдырды.

Семинардың соңғы күні түске дейін тағы үш баяндаманы тыңдадық. Словения футбол федерациясы Бұқаралық футбол бөлімінің жаттықтырушысы Rajko Korent, СФФ менеджері Aleksa Stolfa және балалар футбол мектебінің жаттықтырушысы Dani Videtic бір-бір презентацияның бастарын қайырды.

Одан кейін ұйымдастырушылар Люблянаның ескі шаһарына қыдыртып, артынан қатысушыларға арналған мерекелік дастархан жайылды.
Жалпы, семинар курстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жасалған баяндамалардан түйген ойларымыз өте көп.


ҚФФ Техникалық орталығының директоры
Қ. И. Адамбеков