KZ
KZ RU
18 тамыз 2020 12:49

ҚФФ және ҚКФЛ басшылары футбол маусымының жалғасуының алдында төрешілердің дайындығын тексерді

18 тамыз 2020 12:49

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатын өткізуге жиналған Талғарда орналасқан ҚФФ базасына тексеріспен келді.

Алдымен тамыз айындағы Чемпионат ойындарына тағайындалған төрешілер коронавирусты анықтауға арналған тест тапсырды. Нәтижесінде бірде-бір төрешіден бұл ауру белгілері табылмады. Содан кейін төрешілер физикалық дайындығын анықтайтын норматив тапсырды. Соңғы турдан кейін орын алған үзіліске қарамастан барлық төрешілер жақсы нәтиже көрсетті. Кейін төрешілердің дайындығы теориялық семинарлармен бекітілді.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин жалғасқалы тұрған маусымның алдында барлық төрешілерге сәттілік тіледі:

- Біздер үшін Чемпионаттың жалғасуы – үлкен жауапкершілік. Карантиннен ерте шыққан өзге чемпионаттардың тәжірибесі кейбір шетел төрешілерінің маңызды ойындарға менталдық және психология жағынан дайын еместігін көрсетті. Олар кей кездері қарапайым қателіктер жасады. Біздер отандық төрешілерге осы жағдайларға акцент жасауды сұрадық, сонымен қатар мамандарға қолдау да көрсетуді ұмытпадық, себебі біздер олардың ойын кезінде қателіктер жібермей, дұрыс шешім қабылдайтындығына сенеміз.  

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Лига және қатысушы-клубтар атынан өз пікірін айтты:

- Қай мамандықты алсаңда ұзақ уақыт бойы тәжірибесіз болған жағдайда жұмысты жалғастыруға дайындықпен келу керектігін түсінеміз. Мен төрешілерді эмоцияға беріліп, бұрыс шешім қабылдамауға шақырамын. Футболды қазіргі кезде мыңдаған жанкүйерлерді теледидар алдына магнит тәрізді тартатын үлкен мейраммен теңестіруге болады. Біздің Чемпионат қарқынды өтеді және барлық футбол сүйер қауымның қызығушылығын тудырады. Сондықтан да мен біздің төрешілерге алаңда тек қана дұрыс шешім қабылдауға шақырамын.   

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Сергей Кенетаев ҚФФ және ҚКФЛ басшыларын Чемпионаттың жалғасуы үшін атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді:

- Қазақстан Чемпионатының жалғасуына үлес қосқан барлық мамандарға алғысымды айтамын. Қазіргі кезге дейін сансыз ұйқысыз түндер және күрделі келіссөздерге жұмсалған бірнеше сағаттар кеткенін білемін. Мен отандық төрешілер ойындар кезінде күтіп тұрған үлкен жауапкершілікті сезінетініне сенімдімін.

Барлық төрешілердің дені сау, олар Қазақстан футбол федерациясының базасында карантинде. Сонымен қатар олар Чемпионаттың ойындарына арнайы Протоколдың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес қатынайды.