KZ
KZ RU
18 қазан 2020 10:00

ҚФФ және ҚКФЛ «Кызылжар СК Ж» – «SD Family» ойынын тексереді

18 қазан 2020 10:00

Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 3 топтың 5-тур «Кызылжар СК М» – «SD Family» кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан  қосымша тексеріледі.

Қазіргі таңда аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды.

Тексеріс қорытындысы қосымша хабарланады.