ҚФФ жаттықтырушылар кеңесінің бірінші мәслихаты өтті
Жаттықтырушылар кеңесі — ҚФФ-тың топ-менеджерлерін, құрама командалар менеджерлерін, ҚФФ-тың белді мамандарын, барлық бапкерлерін біріктіретін жаңа сараптамалық-нұсқаушылық органы.
Жаттықтырушылар кеңесі - бұл қойылған мақсаттарды үйлестіретін, бақылаушы және кеңес беруші орган. Бірінші мәжілісте ҚФФ спорт директоры Анатолий Юревичтің Жаттықтырушылар кеңесінің жұмыс құрылымы жайлы баяндамасы жасалды. Одан кейін сөз кезегі Құрама командалар департаментінің директоры Владимир Нидергаусқа беріліп, ол өз кезегінде құрама командалардың 2012 жылғы мақсаттары жайлы сөз етті. Бұдан соң ҚФФ-тың чех мамандары - ұлттық құрамамыздың бас бапкері Мирослав Беранек және жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері Павел Травник сөз алып, 2012 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырды.
Соңында мәжіліс спикерлері Кеңес мүшелерінің әртүрлі сұрақтарына жауап берді. Бұдан былай Жаттықтырушылар кеңесі жиі өткізіліп тұратын болып шешілді. Сондай-ақ, Кеңес жұмысына ҚФФ вице-президенті Сейілда Байшақов, ҚФФ Төрешілер және нұсқаушылар бөлімінің басшысы Александр Мазманьян, ҚФФ Балалар-жасөспірімдер футболы бөлімінің басшысы Сергей Кенетаев және тағы басқа тұлғалар қатысты.