KZ
KZ RU
11 қазан 2017 18:38

FIFA Тараз ФК-нан 6 ұпай алып тастады

11 қазан 2017 18:38
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы FIFA тәртіп комитетінің шешімін орындау негізінде Қазақстан футбол Федерациясы атынан түскен "Тараз" ФК-нан алты ұпайды алу жөніндегі өтініштің орындалғандығы туралы хабарлайды.
 
ҚФФ-ның бұл өтінішіне сәйкес, FIFA тәртіп комитеті Обиора Одита ойыншысы алдындағы қарызды өтеу шешімін орындамағаны үшін  "Тараз" футбол клубын алты ұпайдан айырды.
 
ҚКФЛ 2017 жылғы Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионаттың жарыс кестесіне сәйкес өзгертулерді енгізді.