05 қараша 2012 21:05
Финалда "Ертіс" пен "Астана" айқасады
05 қараша 2012 21:05
Премьер-лиганың күміс жүлдегері "Ертіс" пен 2010 жылғы ел кубогының иегері "Астана" Қазақстан кубогының биылғы финалында кездеспек.
Түзде "Ақтөбеден" 1:3 есебімен ұтылып қалғандарына қарамастан керекуліктер өз алаңындағы ірі жеңістерінің арқасында финалға шықты. Ал Қарағандыда өткен бірінші кездесуде "Шахтерден" 1:2 есебімен жеңілген "Астана" өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Финал 11 қарашада елорданың "Астана-Арена" стадионында өтеді.
«Астана» — «Шахтер» 2:0 (1:0)
Голдар: Рожков 40 (1:0), Кетевоама 56 (2:0)
Бірінші ойын - 1:2.
«Ақтөбе» — «Ертіс» 3:1 (1:0)
Голдар: Примус 19 (1:0), Гейнрих 61 (2:0), Байер 79 (3:0), Юрин 81 (3:1)
Бірінші ойын - 0:5.
Басқа жаңалықтар