ҰФЛ директоры Олжас Абраев Атырауда
«Атырауға барған іс-сапарымда клубтың жауапты қызметкерлерімен кездесіп қана қоймай, біріншіліктің 3-туры аясындағы "Атырау" - "Қайрат" матчын да стадионнан тамашалай алдым. Нәтижесінде, біраз кемшіліктерді де байқадым. Бұл кемшіліктің барлығы "Атыраудың" өз алаңындағы келесі ойынына дейін шешімдерін табуы тиіс. Қуантқаны - жанкүйерлер "Атырауды" жақсы көреді екен. Олар стадиондағы футбол атмосферасын керемет сезімге бөлетті. Рас, ойынды көргісі келгендердің барлығы бірдей стадионға кіре алған жоқ. Бірақ бұл 100 пайызға "Атырау" футбол клубы басшылығының кінәсі. Олар ҚФФ Сертификациялау комиссиясында көрсеткен талаптарды орындап жатқан жоқ. Біз өзіміздің принціптерімізге берікпіз. Көрермендер қауіпсіздігі әрқашан жоғары тұру керек. Біз клуб басшылығының салғырттығы көрермендерге байланысты төтенше жағдайларға ұшырауына жол бермеуіміз қажет.
Мәселесі күрделенген "Мұнайшы" стадионына тағы бір мәрте барып қайтуды жөн көрдік. Бұл жолы стадионның қайта құрылымдау жұмысын жүргізетін компания өкілдерімен кездескен едік. Олар жұмыс жоспарларын және оны орындау кезеңдерін таныстырып шықты. Бірінші кезеңде ҚФФ Сертификациялау комиссиясы көрсеткен барлық кемшіліктерді жою көзделген. Екінші кезеңде матчтарды өткізу жұмыстарын жақсартуға бағытталған. ҚФФ те, "Атырау" басшылығы да "Мұнайшы" стадионында тезірек күрделі жұмыстардың аяқталып, қайта ашылуын асыға күтуде. Атырау облысы секілді аймақтарымыз үлкен футбол мейрамынсыз қалмауы керек. Сондықтан, көрермендерге де барлық жақсы жағдайдың жасалғаны жақсы.
Іс-сапар барысында біз клубтың менеджментіне зор көңіл бөлдік. Бұл жүйе ол жақта дұрыс жолға қойылмаған. Бөлімше аралық байланыстары нашар, ішкі құрылымдық жұмыстары да жарқын емес. Жақын арада осы мәселелерді ретке келтіру керек.
Демеушілік жобаларды жандандыру, бюджеттен тыс қаржылар қарастыру, клубтың жұмыстарын БАҚ арқылы көрсету, облыс пен қаланың қоғамдық жобаларына араласу — міне, клуб басшылығымен осы жайттарды да талқыладық.
"Атырауда" проблема көп. Біз олардың барлығын бірлесе талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Енді бұл тұрғыда клубтың менеджменттік жұмыстары қаншалықты жарқын жұмыс істейтінін енді жақын арада біле аламыз.
Енді мен 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Шымкент қаласына барып қайтуды жоспарлап отырмын. Ол жақта "Ордабасы" мен "БИІК" клубтарының басшылығымен кездесетін боламын».