KZ
KZ RU
13 желтоқсан 2017 17:15

Футбол клубтары басшыларының қатысуымен онлайн-конференция өтті

13 желтоқсан 2017 17:15
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) кеңсесінде ҚКФЛ басшылары және Лиганың футбол клуб-мүшелері өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция өтті.
 
Бұл конференцияда 2018 жылғы футбол маусымын ұйымдастыру сәттеріне байланысты сұрақтар талқыланды. Клуб басшылары 2018 жылғы маусымды жоспарлау және ҚКФЛ жарыстарының Регламентін әзірлеу кезінде ескерілетін бірқатар пункттерге қатысты өз пікірлерін білдірді.  
 
Қазіргі уақытта жаңа маусымға дайындық жүріп жатыр. Онлайн-конференцияны пайлану маңызды сұрақтарды жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе футбол клубтары басшыларының қолдауын тапты.