KZ
KZ RU
16 наурыз 2020 12:08

Футбол матчтарын тоқтату туралы хабарлама

16 наурыз 2020 12:08

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жарыстардың барлығы тоқтатылғанын хабарлайды.

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші лига және Екінші лига ойындары елімізде 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында енгізілген төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілді.

Баршаңызды тыныштықты сақтап, профилактикалық шараларды орындауға шақырамыз. Қосымша мәліметтер кейін хабарланады.