KZ
KZ RU
10 наурыз 2022 15:32

Футбол маусымының күнтізбесіне байланысты және ойындардың басталу уақыты туралы ақпарат

10 наурыз 2022 15:32

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының атына футбол жанкүйерлерінің тарапынан 2022 жылғы маусымның күнтізбесіне байланысты және ойындардың басталу уақытын белгілеуге қатысты сұрақтар келіп түсуде. Лига әкімшілігінің түскен сұрақтар бойынша жауабы:

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының күнтізбесі бірінші кезекте ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты барынша қысқартылғаны туралы хабарлайды.

Бұл шешім отандық футболдың визит карточкасы болып табылатын Қазақстан ұлттық құрамасының мүддесі үшін жасалуда. OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының наурыз айындағы ойындар күнтізбесі ойыншылардыдың барынша ойын тәжірибесін жинауға, сонымен қатар Молдова құрамасымен өтетін жауапты кездесулердің алдында қалпына келіп үлгеру үшін жасалған.

Дәл осындай жағдай FIFA келесі екі терезесінде - мамыр айының соңында және қыркүйекте – орын алады. Нақты айтатын болсақ мамыр айының 30-шы жұлдызынан 14-ші маусымға дейін Қазақстан құрамасы 4 ресми ойын өткізеді, олардың екеуі — сырт алаңда. Аталған екі айда ғана кейбір ойындар жұмыс күндері өтеді.  

Маусымның қалған бөлігінде OLIMPBET-Чемпионат пен OLIMPBET-Кубоктың үлкен бөлігі демалыс күндері, апталық циклде өтеді. Тек қана кейбір ойындар дүйсенбіге келіп түседі. Осылайша, 26 турдың тек 7 ғана аптаның ортасында өткізу жоспарланған.

Ойындардың басталу уақытына қатысты хабарлама. Өкінішке орай, қазіргі уақытта OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының ойындарын қабылдайтын кейбір отандық стадиондар кездесулерді кешкі уақытта өткізуге мүмкіндік беретін жарықтандыру жүйесімен жабдықталмаған. Сондай-ақ наурыз айында еліміздің солтүстік қалаларында суық ауа райы орын алады, аталмыш факторда ойындарды тек күндізгі уақытта өткізуге мәжбүрлейді. Айтылған факторларға байланысты, сонымен қатар жанкүйерлерге турдағы ойындардың бірқатарын live режимінде көруге мүмкіндік беретін хабар тарату кестесін ескере отырып, кездесулердің басталу уақытына қатысты шешім қабылданады.

Ел аумағында ойыншылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы ауа-райы орныққаннан кейін, ойындардың басталу уақыты міндетті түрде қайта қаралатын болады.