Футбол үйіндегі жолдастық кездесу
Астанадағы Футбол үйі манежінің жаңа алаңында Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының командалары арасында жолдастық матч өтті.
Қазақстан футбол федерациясының Кезекті XVII Конференциясының қатысушылары шара аяқталғаннан кейін Футбол үйі манежінің алаңында жолдастық матчқа қатысты.
Қазақстан футбол федерациясы: Әділбек Жақсыбеков, Азамат Айтқожин, Дәурен Абаев, Қайрат Боранбаев, Сейілда Байшақов, Архимед Мухамбетов, Бауыржан Әбдубайытов, Қайрат Оразбеков, Зоран Лакович, Евстафий Пехлеваниди, Талғат Байсуфинов, Павел Черепанов, Игорь Свечников, Иван Азовский, Қайрат Нұрдәулетов, Игорь Утробин, Александр Убыкин.
Бас бапкер: Станимир Стоилов.
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы: Құралбек Ордабаев, Михаил Гурман, Олжас Абраев, Әлішер Апсалямов, Қайсар Бекенов, Айтқұл Ақынбаев, Самат Смақов, Қанат Мұсатаев, Әлібек Оразғалиев, Мұрат Тілешев, Серік Досманбетов, Тимур Нигимов, Асхат Ақылбеков, Мейіржан Есенғараев, Ғалымжан Байтілеу, Максим Левицкий, Евгений Шкарин, Али Сүймағамбетов.
Бас бапкер: Григорий Лория.
Кездесудің бас төрешісі қызметін Сергей Кенетаев атқарды. Оның көмекшілері Майя Егімбаева мен Меруерт Болатбек болды.
Аса тартысты өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды. Қазақстан футбол федерациясы сапынан комнада капитаны Әділбек Жақсыбеков екі гол соқты. Ал, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының қатарында Мұрат Тілешев пен Михаил Гурман көзге түсті.