KZ
KZ RU
07 ақпан 2018 12:28

Футболдан Қазақстан Чемпионатының күнтізбесінің жеребесі туралы ақпарат

07 ақпан 2018 12:28
9 ақпанда Астанада Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан 27-ші Қазақстан Чемпионаты күнтізбесінің 1 және 2 айналымдарының жеребе тарту рәсімі өтеді. Іс-шара сағат 16:00-де басталады және ҚКФЛ-ТВ жобасында тікелей эфирде көрсетіледі.    
 
ҚКФЛ Әкімшілігі Премьер-лига клубтарына Қазақстан Чемпионаты күнтізбесінің цифрлық нұсқасын жіберген болатын.    
 
1 тур мысалы ретінде кесте келесідей болады:
1 – 2
4 – 3
6 – 5
8 – 7
10 – 9
12 – 11
 
Күнтізбенің жеребе тарту рәсімі келесі қағидаларға сүйене өтеді:
 
- 1 және 2 турларды (2018 жылдың наурыз айында) қолайлы ауа райы кезінде өткізу мақсатында көктемнің бастапқы кезінде спорттық инфроқұрылымның дайындығына байланысты Премьер-лига командалары 2 топқа бөлінеді.
 
- 1 топ Чемпионатты өз алаңдарында бастайтын командалардан тұрады: «Астана», «Жетісу», «Ертіс», «Қайрат», «Қайсар», «Ордабасы». Бұл топтағы клубтар «1», «4», «6», «8», «10», «12» нөмерлерін таңдайды.
 
- 2 топ Чемпионатты сырт алаңда ойнайтын командалардан тұрады: «Ақжайық», «Ақтөбе», «Атырау», «Қызыл-Жар СК», «Тобыл», «Шахтер». Бұл топтағы клубтар «2», «3», «5», «7», «9», «11» нөмерлерін таңдап алады.
 
Маңызды ескерту. Чемпиондар Лигасының (ЧЛ) және УЕФА Еуропа Лигасының (ЕЛ) ойындары әр түрлі күндері (сейсенбі/сәрсенбі – ЧЛ, бейсенбі - ЕЛ) өтетін болғандықтан, ЧЛ және ЕЛ іріктеу кезеңдерінде (Чемпионаттың 18 – 22 турлары) «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс» клубтарының бір-бірімен ойындарын болдырмау мақсатында, «Астанаға» тек «10» немесе «12» нөмір беріледі.  
 
Цифрлық күнтізбені сараптау нәтижелері бойынша, «10» және «12» нөмерлері жоғарыда көрсетілген уақыт аралығында 1 Топтағы «Ертіс», «Қайрат» және «Ордабасы» командалары бар нөмерлермен кездеспейді.
 
Жоғарыда айтылған ақпаратты ескере отырып, Қазақстан Чемпионатының күнтізбесі жеребесінің себеттері келесідей:
 
- «Астана» футбол клубы үшін «10» және «12» нөмерлерімен себет («Астана» таңдауынан кейін қалған шар 1 Топқа арналған себетке өтеді).
 
- 1 Топ үшін себет («1», «4», «6», «8», «10»/«12» нөмерлері): «Жетісу», «Ертіс», «Қайрат», «Қайсар», «Ордабасы».
 
- 2 Топ үшін себет («2», «3», «5», «7», «9», «11» нөмерлері): «Ақжайық», «Ақтөбе», «Атырау», «Қызыл-Жар СК», «Тобыл», «Шахтер».