Футболшылардың медициналық тексерістен тыңғылықты өтуін талап ететін боламыз - Гурман
Кәсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурман Vesti.kz тілшісіне Қазақстан клубтары жаңа маусымға құрамын 20 ақпаннан кейін жариялай бастайтынын айтты. Сондай-ақ, әр клуб ойыншылардың медициналық құжаттарын көрсетуге міндетті екенін және Премьер-лига клубтары маусымға қаржылық кепілдемесін ұсынуға тиіс екендігін жеткізді.
"Көптеген клубтарды облыс әкімшілігі қаржыландырып, бюджетін бекітіп беріп отырады. Соған сәйкес, олар қаржылық кепілдемелерін бірге ұсынулары тиіс", - деді Гурман.
- Клубтарды бюджеттерін жариялауды міндеттеу мүмкін бе?
- Мәселе мынада ғой. Маусымға қойған мақсаттарына байланысты әр клубтың бюджеті әртүрлі. Егер біз олардан бюджеттерді жариялауды талап етер болсақ, онда клубтың ішкі жұмысына араласқан боламыз. КФЛ-дың бұған құқы жоқ. Бюджеттерін жариялай ма, жоқ па оны клубтардың өздері шешеді.
- Ал клубтардың бірі қаржылық кепілдемесін ұсына алмай, Премьер-лигаға қатысу құқығынан айрылады деген қауіп жоқ па?
- "Жетісуда" осындай проблема бар. Бірақ Талдықорғанда қазір бұл мәселені шешу үшін бар күштерін салып жатыр. Ал қалған командалар қаржы тапшылығын көріп отырған жоқ
- Всем известна ситуация, в которую попал новоиспеченный футболист "Астаны" Роджер Каньяс. По данному случаю интересна позиция ПФЛ...
- Алдымен мынаны айтайықшы. Қазір бұрынғыдай емес, клубтар футболшыларының денсаулықтарына үлкен мән береді. Баяғыдай ауруханадан анықтама алып келе салу деген жоқ. Бүгінде клубтар футболшыларын Түркияда медициналық тексерістен өткізеді. Ал егер қажет деп тапсақ, өзіміз кез-келген футболшыны жіті тексертуді сұраймыз. Өйткені, жасыл алағңда футболшылардың қайтыс болып кеткен кездерін білеміз. Сондықтан, бәрі де қатаң болады.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 15 наурызда басталады. Ал 9 наурызда ел чемпионы "Ақтөбе" мен кубок игері "Шахтер" Суперкубокқа таласып, жаңа маусымның шымылдығын ашады.
vesti.kz