KZ
KZ RU
29 қараша 2018 10:39

Григорий Бабаян – 2018 жылғы Премьер-лиганың ең үздік бас бапкері

29 қараша 2018 10:39

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымды қорытындысын шығара бастады. 

Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталады. 

Әр респондент үш үміткерді атайды. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады. 

 «2018 жылғы Премьер-лиганың ең бас бапкері» номинациясында «Астана» жаттықтырушысы Григорий Бабаян жеңімпаз атанды.

  
Үздік үштік келесідей:
 
1. Григорий Бабаян, «Астана» - 70 ұпай;
2. Дмитрий Огай, «Жетісу» - 47 ұпай;
3. Владимир Муханов, «Ақтөбе» - 42 ұпай.
 
Премьер-Лига клубтарының жетекшілері:
 
 
Премьер-Лига клубтарының бас бапкерлері:
 
 
Премьер-Лига командаларының капитандары: