19 тамыз 2017 03:41
Грозныйдың оралуы қандай болмақ? 24-ші турға превью
19 тамыз 2017 03:41
Сіздердің назарларыңызға Премьер-Лиганың кезекті ойындарына превью ұсынамыз.
19 тамыз (сенбі)
«Ақжайық» – «Ақтөбе»
Өту орны: Орал, П. Атоян атындағы стадион, 19:00 (Астана уақыты)
Ауа райы: +20, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Өту орны: Орал, П. Атоян атындағы стадион, 19:00 (Астана уақыты)
Ауа райы: +20, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Тур турнирлік кестенің соңғы жағында орналасып тұрған екі команданың ойынымен басталады. Соңғы бірнеше аптада екі ұжым жоғыры көтерілуге тырысуда, бірақ бұл талпыныстардан ештеңе шығар емес. "Ақжайық" пен "Ақтөбе" анда-санда орындарымен алмасып тұрады, бірақ бұл әрекеттерден пайдасы жоқ.
"Ақтөбе" жеңістің дәмін бір айдан аса тата алмай жүр, ал оралдықтар жеңіске өткен аптада жеткен. Бір бірімен командалар үш рет кездескен, бірақ мықтына анықтай алмауда. Мүмкін қос команда арасындағы үздік бүгін анықталар.
20 тамыз (жексенбі)
«Тобыл» – «Тараз»
Өту орны: Костанай, стадион "Центральный", 18:00
Ауа райы: +20, алдап бұлтты
Өту орны: Костанай, стадион "Центральный", 18:00
Ауа райы: +20, алдап бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Өткен аптада қостанайлықтар жаңа алаңға үйрену үшін "Орталық" стадионда жаттығу жасаған. "Тобылдың" бас стадионы биыл күрделі жөндеуден өтті, сондақтар "Таразбен" ойын арена үшін дебют болады.
Қай командаға бұл жексенбіде жаңа алаңда ыңғайлы болатыны белгісіз. "Тараз" маусым бойы табиғи алаңда ойнауда, ал "Тобыл" жасанды алаңға үйренген. Бір жағынан трибуналарды Евдокимовтың жеңістерін күтіп қалған жергілік жанкүйерлер толтырмақ. Бұл жағдай қостанайлық ойыншыларды алға қуу мүмкін.
«Ордабасы» – «Атырау»
Өту орны: Шымкент, "Намыс" стадионы, 18:30
Ауа райы: +26, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Өту орны: Шымкент, "Намыс" стадионы, 18:30
Ауа райы: +26, күн ашық
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Шымкенттіктер қазір дұрыс ойын өрнегін көрсете алар емес - соңғы екі кездесуде "Ордабасы" жеңіске ұшыраған, ал "Атыраудың" жағдайы әлде қайда жақсы. "Мұнайшылар" төрт ойын қатарынан жеңілмеуде.
Петрушинның ойыншылары жеңіске жетіп, жанкүйерлердің ықыласын қайтаруға тырысуы әдбен мүмкін. Бірақ бұл ойды іске асыру оңай емес, себебі бұл маусымда екі команданың арасындағы ойындар тең нәтижемен аяқталған.
«Ертіс» – «Қайсар»
Өту орны: Павлодар, "Орталық" стадион, 19:30
Ауа райы: +16, бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Өту орны: Павлодар, "Орталық" стадион, 19:30
Ауа райы: +16, бұлтты
Трансляция: ҚКФЛ-ТВ
Турдағы ең қызықты ойындардың бірі жанкүйердерді Павлодарда күтуде. Димитар Димитров енді павлодарлықтарды жаттықтырмайды, бірақ павлодарлық клубтың таңдауы дұрыс болған сияқты - жаңадан келген бапкер өте тәжірибелі.
Жақын арада "Ертістің" тізгінін "Тобылдағы" жұмыспен елге танылған Вячеслав Грозный ұстағаны белгілі болды. Украиналық маман біздің Премьер-лигада ұзақ жұмыс жасаған жоқ, бірақ оның Қостанайдағы командасы қызықты ойынмен есте қалған.
Грозныйдың "Ертісі" сындарлы ойын көрсететін қарсылас. "Қайсар" қорғаныста ұқыпты ойнайды, бірақ доп соғу жағынан қиындықтар көреді, сол себептен турнирлік кестенің ортасында нық орналасқан.
Грозныдың Қазақстаннан кеткелі бес жыл өтті, бұл уақытта қазақ футболы біршама өзгеріске ұшырады. Павлодарлықтардың жаңа бапкері өзгерістерге бейімделе ала ма? Және де "Тобылда" бірге жұмыс жасаған Бугаев пен Кислицынға командада қандай рөль бермек? Бұл сұрақтарға жауаптарды жақын арада таба аламыз.
«Қайрат» – «Шахтер»
Өту орны: Алматы, "Орталық" стадион, 20:00
Ауа райы: +18, бұлтты, кішігірім жаңбыр
Трансляция: Казспорт телеарнасы
Өту орны: Алматы, "Орталық" стадион, 20:00
Ауа райы: +18, бұлтты, кішігірім жаңбыр
Трансляция: Казспорт телеарнасы
Қазақ футболының классикалық текетірестерінің бірі Алматыда өтпек. Синоптиктер жаңбыр болжауда, бірақ нағыз жанкүйерлерді бұл жағдай қорқытпауы керек. Алматылықтардың айтуынша, жаңбырлы ауа райы - "Қайраттың" ауа райы.
Бұл кездесуде маусымның ортасында келген екі бас бапкер бетпе-бет кездеспек. Корлос Ферер қазақ футболына енді бейімделсе, Саулюс Ширмялис өзінің командасымен Премьер-лигада өзін еркін сезінеді. "Шахтер" соңғы бес ойында үш рет жеңіске жетіп, кестеде біршама көтерілген. "Қайратта" чемпионатта өзін жақы көрсетуде, бірақ "Астананы" куып жету қиын. Қарағандылық командамен болатын ойында алматылықтар жеңіске жетіп, елордалық командаға жақындауға тырысады. Бірақ "Шахтер" Алматыда үш ұпайды оңай бермейтіні анық.
Басқа жаңалықтар