Грузияда 3-орыннан көріндік
Бірінші кездесуді Түркия құрамасына қарсы өткіздік. Айта кетейік, түріктердің аға бапкері Хакан Тешимер Тбилисиге 17 жастағы жеткіншектерін алып келген болатын. Ал жасөспірімдер құрамасында бір жастың өзі үлкен рөл атқаратынын білеміз. Түркия құрамасы қай тұрғыдан алғанда да өте шебер команда екен. Өкінішке қарай, олардың қарқынды шабуылдарына тосқауыл қою мүмкін болмады. Оның үстіне, түріктер өздерінде болған мүмкіндіктерді құр жібермеді. 15 мәрте қақпамызға доп бағыттап, соның 10-ы голға айналды. Нәтижесінде 0:10 есебімен тізе бүктік. Ал қатарласа өткен кездесуде турнир қожайындары Армения жеткіншектерін 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Кеше 3-орын үшін таласқан жерлестеріміз өздерінің бұл турнирдегі әлсіз команда емес екендіктерін дәлелдеді. Нақты айтсақ, Армения құрамасымен "қола жүлдені" сарапқа салған қазақстандықтар қарсыластарын 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Бірінші тайм тең жағдайда өткенімен, жерлестеріміз қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Сондай-ақ, қарымта шабуылдарды да керемет ұйымдастырып жатты. Бірақ, қауіпті сәттер көп болған жоқ. Доп көбінесе алаң ортасында сырғумен болды. айта кетейік, бірінші матчқа қарағанда бұл жолы жерлестеріміз қателіктерге бой алдырмай, қорғаныста сауатты ойнады. Кадиев, Люхай, Котов сынды ойынды өздеріне ала білетін және жылдам ойыншыларлдың арқасында қарымта шабуылдарымыз қарсылас қақпасына екі есе қауіп төндіріп жатты. Ал шабуыл шебінде Дадаевымыз белсенділігімен көзге түсті.
Бірақ, екінші таймда ғана есеп аша алдық. Бірнеше ойыншыны алдап өткен Люхай Арменияның айып алаңына кіріп, қақпаға допты тебе бергені сол еді, қарсыластың бірі ойыншымызды алаңға сұлатып салды. Төреші көп ойланған жоқ, қолын созып, нүктеге қарай жүгірді. Пенальтиді Люхайдың өзі орындап, осы матчтағы жалғыз голды соқты. Армения жеткіншектері есепті теңестіруге бар күшін жұмсағандарымен Әлихан Жолбарысов бастаған қорғаушыларымыздан өте алған жоқ. Сондай-ақ, қақпашымыз Олег Грубов та қауіпті сәттердің бетін алдын алып отырды.
Ал финалдық кездесуде Түркия құрамасы грузиндерді 3:0 есебімен жеңіп, бас жүлдені иеленді.
Түркия (U-17) – Қазақстан 10:0 (5:0)
Голдар: Байсал, 7. Чаглан, 9. Копуз, 18. Джинар, 23. Джинар, 28. Сабри, 41. Мелих, 50. Таш, 60. Мелих, 70. Мелих, 79.
Турция: Озтюрк Боркан, Зенгин, Махмутхан, Ари Мухаммет, Копуз, Озтюрк Мерт, Джинар, Бесдемир, Чаглан, Байсал, Таш
Ойын барысында алаңға мына ойыншылар шықты: Сонер, Эрсин, Субаши, Сабри, Мелих, Ясин, Шенел
Қазақстан: Грубов, Иманғали (Сұлтанов 20), Муфтолла (Андреев 70), Люхай, Селюков, Жолбарысов, Лымарчук, Дадаев, Котов (Еріков 60), Смайылов (Гульшин 41, Исатай 65). Қадиев (Әділғ 60)
Қосалқы құрамда: Цуприков
Төрешілер: Арман Алаберкян (Армения), Тенгиз Гугунашвили, Звиад Блиадзе (екеуі де - Грузия)
15 сәуір. Тбилиси. Баса атындағы ұлттық құрама базасы
Грузия – Армения 4:0 (0:0)
Үшінші орын үшін талас.
Армения (U-16) – Қазақстан 0:1 (0:0)
Гол: Люхай, 43-пенальтиден
Ескерту: Люхай, 63.
Армения: Акоян. Амбарозумян, Микаелян, Топалян, Алексанян, Айрапетян, Хачикян. Бабаян, Овакмян, Паносян, К. Акобян
Ойын барысында алаңға мына ойыншылар шықты: Игитян, Багседжян, Галстян, Егазарян, Даронян, А. Акобян
Қазақстан: Грубов, Муфтолла, Андреев, Люхай, Селюков. Жолбарысов, Гульшин (Сұлтанов 41), Лымачук, Дадаев, Котов (Смайылов 55, Еріков 70), Қадиев
Қосалқы құрамда: Цуприков, Иманғали, Исатай, Әділ
Төрешілер: Гога Кикачейшвили. Георгий Еликашвили, Давид Габисония (бәрі де - Грузия)
17 сәуір. Тбилиси. Баса атындағы ұлттық құрама базасы
Финал
Грузия – Турция 0:3 (0:3)