KZ
KZ RU
03 желтоқсан 2013 10:59

Игорь Бугаев - жыл ойыншысы!

03 желтоқсан 2013 10:59
Дауыс беру нәтижесінде жеңіске үмітті үш үміткер іріктеліп, нәтижесінде ИГОРЬ БУГАЕВ (32.87%) жеңіске жетті!
 
Биылғы маусымда Игорь команданың белді ойыншысына айнала білді. Бугаев барлығы 30 ойын өткізіп, 21-інде негізгі құрамда алаңға шықты. Бұған дейінгі маусымдарымен салыстырғанда молдовалық легионер биылғы жылды өте керемет өткізіп, 13 гол және үш нәтижелі пастың авторы атанды. Бұл "Тобылдағы" үздік көрсеткіш. Ал ел чемпионатында тек "шахтерлік" Игорь Зеньковичтің ғана нәтижесі бұдан жоғары
 
Дауыс берудің нәтижесі бойынша Бугаевтен кейінгі екінші орынды тағы бір легионер ОГНЕН КРАСИЧ (24.06%) иеленді. Өзінің жылдамдығы және қарқындылығымен Красич жанкүйерлерді бірден өзіне баурап алды. Шыны керек, жыл басында қостанайлық футбол қауымның көпшілігі серб легионері бәсекелестікте Жолшиевке жеңіліп қалады деп қауіптенген болатын. Алайда Огнен өзінің ойындарымен көпшілікті бірден өзіне баурап алды да, бапкердің сенім үдесінен шыға білді. Жалпы, биылғы біріншілікте Красич үш гол соғып, 10 нәтижелі пастың авторы атанды да, Қазақстанның ең үздік пас шығарушысы номинациясын жеңіп алды.
 
Ал үздік үштікте НҰРБОЛ ЖҰМАСҚАЛИЕВ (22.27%). Капитанымыз дауыс беру нәтижесінде Красичтен сәл ғана қалып қойды. Дегенмен, өзінің есімін Қазақстан футболының тарихына алтын әріптермен жазды. Нақты айтсақ, биыл Нұрбол қазақ футболының тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Сондықтан, өазірдің өзінде Жұмасқалиевті қазақ футболының тірі аңызы деуге толық негіз бар.
 
Үздік үштіктен кейінгі нәтиже мынадай:
 
4. Виталий Волков – 9.32%
5. Александр Петухов – 4.15% 
6. Ненад Шливич – 3.51% 
7. Ермек Қуантаев – 2.74% 
8. Алмат Бекбаев – 1.08%
 
Әр кездесудің нәтижесі бойынша, турдың, айдың, жылдың үздік ойыншыларын анықтауға көмектескендеріңіз үшін сіздерге айтар алғысымыз мол!
 
P.S. Дауыс берудің нәтижесі белгілі болғанда Игорь Бугаев Молдовада ата-анасының жанында болатын. Өзінің үздік атанғаны жөнінде былай деді:
- Өзімді үздік деп санамаймын. Бірақ жылдың үздік футболшысы атанғаныма қуаныштымын. Жанкүйерлеріме және әріптестеріме үлкен алғыс айтамын.
 
«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі
 
fc-tobol.kz