KZ
KZ RU
08 ақпан 2018 12:25

Игорь Романенко: «Рузаевканың» даму векторы – жас ойыншылармен жұмыс жасау»

08 ақпан 2018 12:25
«Рузаевка» футбол клубы - қазақ футболының қарқынды дамып келе жатқан жас футбол клубтарының бірі. Клуб басшысы Игорь Романенко Қазақстан кәсіпқой футбол Лигасына берген сұхбатында команданың 2017 жылғы маусымында ойынын бағалады, клубтың жұмысы туралы айтып, трансферлік мақсаттарымен бөлісті.   
 
- Екінші Лигадағы өткен маусымды қалай бағалайсыз? Алға қойылған мақсаттар орындалды ма?
- Жалпылап айтқанда, нәтиже қанағаттандырарлық. Нақтылақ айтып, бес балдық шкаламен баға беретін болсақ, біздер «плюс үш» пен «минус төрттің» арасында өнер көрсеттік. Ойынның динамикасына қарап айтатын болсақ, «плюс үшке» жақынырақ ойнадық, себебі бірінші айналымды команда үштікте аяқтаса, Біріншілктің нәтижесі бойынша жетінші орынға сырғыдық. 5-6 орында аяқтау үшін бар болғаны екі ұпай жетпеді. Егер жағдай басқаша өрбігенде – 10-шы орында келе жатып, 6-7 орында аяқтаған болсақ, жағымды эмоциялар болар еді. Сол себепті аралас сезімде болып тұрмын. Нәтиже жағынан алатын болсақ, «жақсырақ ойнауға болатын еді» деген нақышты сөз біздің маусымды толықтай суреттейді.    
 
- Өткен маусымның есте қалған кездесуін атап өте аласыз ба?
- Есте қалған қалған ойындарға келетін болсақ, олар - Қазақстан Кубогының ойындары. Бұл турнирде Бірінші лига командалары қарсылас болды – біздер бір топта «Каспий» және маусым нәтижесі бойынша Біріншілікте жеңіске жеткен «Жетісумен» ойнадық. Бұл қарсыластардан еш кемшілігіміз жоқ екендігі жағымды жаңалық болды. «Жетісумен» болған ойында соңғы секундтарға дейін кім жеңімпаз атанатыны безгісіз болды. Мүмкін қарсылас тарапынан менсінбеушілік болғаны шығар, бірақ бұл факт факт болып қалады: шешуші голды біздер соңғы минуттарда жіберіп қойдық және топтан шығуға мүмкіндіктен айрылдық. Сол себепті Кубоктағы ойындар есте қалып қойды.         
 
 
 
- Жаңа маусымға дайындық қалай өтеді?
- Маусымға дайындық пайдаланылған жүйемен өтеді деп жоспарлануда. Біздер дайындықты дәстүрлі түрде барлық командалардан кеш бастаймыз. Біріншіден, бізде инфроқұрылым дамымаған, және де бюджетті үнемдеу мақсатында дайындықды жарты жыл қалғанда бастауды жөн көріп отырмыз. Сонымен қатар тәжірибе көрсеткендей, дайындықты кеш бастаған жағдайда біздер маусымға тың келеміз. Сондақтан дайындықты қаңтарда бастадық. Негізі арасында үзілістері бар үш жиын жоспарланған. Мүмкін барлық ОЖЖ Алматыда өтеді. Бірақ соңғы жиын жақын орналасқан шетелде өтуі ықтимал.             
 
 - Былтыр «Рузаевка» Астана қаласының чемпионатына қатысқан болатын. Осы жылы команда аталған жарысқа қатысады ма?
- «Рузаевка» ФК соңғы рет Астана қаласының чемпионатына 2015 жылы қатысқан болатын. Ол уақытта біз үшін бұл турнир негізгі жарыстардың бірі болған. Біз чемпионаттың күміс жүлдегері атандық. 2016 және 2017 жылғы маусымдарында да Астана қаласының чемпионатына қатыстық, бірақ негізгі команданың орнына жастар ойнаған болатын. 2016 жылы команда жартылай негізгі құрамда ойын тәжірибесі аз ойыншылардан тұрған, ал 2017 жылы ұжым құрамы толықтай жастардан жасақталды. Бірақ бұл команда солтүстік команда болды, сонымен қатар біздің тағы бір жастар командамыз РКС «Рузаевка» атымен Алматы қаласының біріншілігінде ойнаған болатын. 2017 жылға мақсаттар ұқсас: біздер екі жастар құрамын шығаруды жоспарлап отырмыз – солтүстік және оңтүстік командалар. Бұл ұжымдардың негізгі құрамын 2000, 2001 және 2002 жылы туылған ойыншылар құрайды.      
 
 
- «Рузаевка» құрамында Премьер-лигада өнер көрсеткен Виктор Крюков және Даурен Суюнов сынды ойыншылар бар. Олардың командадағы рөлі қандай?
- Құрылу сатысындағы әрбір командадағыдай олардың мақсаты – тәжірибемен алаңда да, алаң сыртында да бөлісіп отыру. Менің ойымша, Даурен мен Виктор бұл мақсатты орындауда. Бірақ, біздің даму векторымыз – жас ойыншыларды өсіру, оларды дамыту, сол себепті біздер тәжірибелі ойышыларды командаға алу стратегиясын негіз ретінде ұстамаймыз. Алайда, егер өзінің деңгейі, уәждемесі, жеке мінездемесі жағынан бізге сәйкес келетін нақты вариант табылып жатырса, біздер ол ойыншыны алу мүмкінбіз.
 
 - Өткен маусымда команда қарсыластарды тек қана Алматыда қабылдаған болатын. Болашақ маусымда бұл мәселе қалай болмақ?
- Жоспар келесідей: біздің алаң дайын болмағандықтан, бірінші айналымды біздер оңтүстікте ойнаймыз, екінші айналымда үйге қайтып ораламыз деген үміттемін. Бірақ Екінші лига форматы өзгеретін болса, 2018 жылғы маусымды толықтай Алматыда ойнауымыз мүмкін. Ал 2019 жылғы маусымда жаңа стадионға өзіміздің алаңымызға қайтып келуді жоспар етіп отырмыз.    
 
 
- Жақын арада «Рузаевка» қандай жобаларды орындамақ?  
- Клубтың дамуына байланысты. Біз үшін маңызды іс-шараның бірі болып өзіміздің жастарды Бірінші лига жастар командалары арасындағы Біріншілікке алғаш рет қосылуы болып табылады. Премьер-лига Футбол орталықтарының командаларымен бәсекелесу қиын, сол себепті Бірінші лига жастарымен ойнаған дұрыс шешім деп ойлаймын. Өзге клубтардың жастарымен ойнау қалай өтетінін бақылап отырамыз. Жас ойыншыларды дамыту жоспарлы түрде жүреді, 2-3 жылдан кейін олар негізгі команданы толықтыру тиіс.       
 
- Жақында сіздің клуб алматылық АИФА атты футбол академиясымен меморандумға отырғаныңыз белгілі болды. Олармен жұмыс қандай бағытта жүріп жатыр?  
- АИФА-мен меморандум клубтың даму векторы жиектерінде жасалған. АИФА-ның талантты және уәждемелі түлектері «Рузаевканың» болашақ мүшелері атануы мүмкін.