KZ
KZ RU
02 қараша 2022 15:06

IMG Arena – LIVE-статистиканы жинау бойынша эксклюзивті оператор

02 қараша 2022 15:06

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) және IMG Arena компаниясы (Ұлыбритания) ҚКФЛ аясында өткізілетін барлық ойындардан статистикалық деректерді жинақтауға эксклюзивті құқығын беру туралы коммерциялық келісім-шарт жасасты. Бұл қадам аталмыш онлайн деректерді әлем бойынша барлық букмекерлік кеңселерге таратуға мүмкіндік берді.

ҚКФЛ үшін бұл келісім-шарт — монетизациялаудың маңызды құралы. Бұл қадамнан түскен табыс футбол ойындарының ұйымдастыру деңгейін көтеруге және отандық кәсіпқой футболды неғұрлым сапалы көрсетуге бағытталады.

ҚКФЛ «European Leagues» қауымдастығының (Швейцария, экс-EPFL) бірыңғай пакетімен сәтті іске асырылған жарыстардың үлкен пулының бір бөлігіне айналды. Аталмыш серіктестік келісім-шарттың барынша жоғары деңгейін және ашықтығын дәлелдейді.

Келісім-шарт 2023 жылдан бастап бес маусымға созылған. ҚКФЛ жарыстары келесі чемпионаттармен бір пакетте жүреді: Австрия Бундеслигасы, Бельгия Про лигасы, Чехия футбол лигасы, Даниялық Divisionforeningen, Финляндия футбол лигасы, Германия Кубогы, Греция Суперлигасы, Израиль кәсіпқой лигасы, Латвия Жоғарғы лигасы, Нидерланды Eredivisie, Нидерландия Бірінші лигасы, Норвегия Norsk Toppfotball лигасы, Португалия кәсіпқой лигасы, Румыния кәсіпқой лигасы, Сербия Суперлигасы, Словакия кәсіпқой лигасы, Швецияның Föreningen Svensk Elitfotboll, Швейцария футбол лигасы.

Қазақстан Республикасының аумағында ресми тіркелген барлық букмекерлік кеңселердің назарына: 2023 жылдан бастап ҚКФЛ аясында өтетін ойындарға бәс тігу үшін онлайн деректерді тарату жөніндегі жалғыз оператор — IMG Arena компаниясы. Аталмыш компанияның скауттары барлық стадиондарға кіруге құқылы.

Аталмыш сұрақтар бойынша толық ақпарат алу үшін букмекерлік компаниялар ҚКФЛ Әкімшілігімен эмайл арқылы байланыса алады: info@pflk.kz