Instat бойынша Қазақстан Премьер-лигасының 2017 жылғы үздік жаңа ойыншылары
Жыл сайын барлық Қазақстан Премьер-лига клубтары селекцияда белсенді жұмыс жүргізеді. Жаңа ойыншыларды таңдауға жауап беретін команда қызметкерлері клубқа жарыстарда ұпай алуға үлес қосатын және стадион трибуналарына жанкүйерлер жинайтын ойыншыларды іздеп, күні-түні көз ілмей жұмыс жасайды. Осындай жұмыстың арқасында Премьер-лига алаңдарында жыл сайын бірнеше жаңа ойыншылар өнер көрсетеді, 2017 жылда да ұқсас жетістіктер орын алды.
Қазақстан чемпионатының жаңа ойыншыларының ішінде өзін жақсы жағынан кім көрсетті? Бұл сұраққа жауапты Instat компаниясы ұсынған статистика арқылы табуға тырысамыз.
Алдын ала айта кетейік, Instat компаниясы тек қана статистикаға жауап береді, сол себептен "тамаша", "өте жақсы", "ғажайып" деген теңеулерді қолданбай, тек қана тізімге кірген ойыншылар маусымның үздіктері екенін дәлелдейтін сандарға көз саламыз. Біздің үздіктердің статистикасымен бірге сіздерге чемпионатта бұрыннан бері сәтті ойнап жүрген ойыншылар көрсеткіштерін салыстырмалы түрде келтірдік.
Сонымен, 2017 жылғы Премьер-лиганың жаңа ойыншылардың үздік бестігі:
5 орын
Срджан Граховац ("Астана"), орталық жартылай қорғаушы
Instat Index – 217
Позициядағы бәсекелестері: Исламбек Қуат ("Қайрат") и Абдулай Диакате ("Ордабасы")
4 орын
Лаша Двали ("Ертіс"), орталық қорғаушы
Instat Index – 218
Позициядағы бәсекелестері: Марин Аничич ("Астана") и Юрий Логвиненко ("Астана")
3 орын
Акош Элек ("Қайрат"), орталық жартылай қорғаушы
Instat Index – 225
Позициядағы бәсекелестері: Исламбек Қуат ("Қайрат") и Абдулай Диакате ("Ордабасы")
2 орын
Пабло Фонтанелло (Ордабасы), орталық қорғаушы
InstatIndex – 227
Позициядағы бәсекелестері: Марин Аничич ("Астана") и Юрий Логвиненко ("Астана")
Instat компаниясының сараптамасы бойынша 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік жаңа ойыншысы:
1 орын
Иван Маевский ("Астана"), орталық жартылай қорғаушы
Instat Index – 231
Позициядағы бәсекелестері: Исламбек Қуат ("Қайрат") и Абдулай Диакате ("Ордабасы")
Тұжырым шығармастан бұрын, жоғарыда келтірілген статистикаға жүгініп, келесідей деректер ұсынамыз:
1. Премьер-лига командаларындағы жаңа ойыншылардың деңгейі өсті. Былтыр Instat компаниясы ұқсас салыстыру өткізді: ол жұмыстың нәтижесімен чемпионаттың үздік ойыншысы Агим Ибраими атанды. Оның Instat Index-і 207-ге тең болған. Биылғы маусымда Агим бұл көрсеткішпен тіпті үздік бестікке де кіре алмайтын еді.
2. Келесі факт жоғарыда айтылған тұжырымды дәлелдейді. Instat компаниясының статистикасы бойынша маусымның үздігі болған Иван Маевский чемпионаттың үздік бес ойыншыларының қатарына кіреді (ол "Астандағы" әріптесі Шитовпен 4-5 орынды бөліп отыр). Жоғары бағаға ие тек үш ойыншы - Исаэль (234), Шомко (239) және Кабананга (247).
3. Сөзсіз, "Астана" клубының селекция қызметкерлер жұмысын жоғары бағалауға болады. Өткен жылғы чемпионаттың үздік артқы жартылай қорғаушылар Каньяс - Максимович жұбы кеткен соң, клуб кызметкерлері олардың орнына лайықты ойыншылар таба алды. Граховац пен Маевскийдің елордалық команданың осы маусымдағы жетістіктеріне қосқан үлесіне баға беру қиын.
4. Бірақ тек қана астаналықтар тиімді селекция жасаған емес. "Қайраттың" сапында Иво Иличевич (211) пен Акош Элек жақсы өнер көрсетуде, "Ордабасыда" - Фонтанелло, "Ертісте" - Двали мен Ткачук (211). Сонымен қатар соңғы орында келе жатқан "Ақтөбе" де команда сапына Папа Гуйе сияқты мықты орталық қорғаушыны алды.
Қорытындылай келе - кішігірім бонус. Бірнеше күн бұрын қостанайлық "Тобылды" Эгон Вух (Либерец қаласының "Слован" командасынан көшкен) және Ника Кверквескири ("Габала") күшейткен еді. Олардың біздің чемпионаттағы ойындары қандай болатынын болжай алмаймыз, тек Кверквескиридің бұрынғы клубында Instat Index 218 болған, ал Вухтың көрсеткіші 229 болды. Ел чемпионатымыз күшейіп, деңгейі жоғары ойыншылардың саны артуда деген қорытындыға келіп отырмыз.