KZ
KZ RU
11 маусым 2018 12:06

Исаэль голы - мамыр айының үздігі

11 маусым 2018 12:06
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Чемпионатының мамыр айының үздік голы авторын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.
Өткен айда әр алты турдың қорытындысы бойынша жанкүйерлер үздік голдарды таңдады. Шешуші дауыс беру бәсекесіне Саша Марьянович голы, Исаэльдің екі әдемі соққысы, Рейнальдоның тамаша добы, Бауыржан Исламханның керемет соққысы және Маркос Пиззелидің ерекше голы енген болатын.
 
Бес күн бойы отандық жанкүйерлер Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жеңімпазды анықтады. Нәтижесінде «Қайрат» жартылай қорғаушысы Исаэльдің «Атырау» қақпасына бұрыштамадан соққан голы үздік атанды.
 
Үздік үштік төмендегідей:
1.   Исаэль голы (Атырау - Қайрат) – 49% дауыс;
2.   Маркос Пиззелли голы (Қайрат – Ақтөбе) – 47% дауыс;
3.   Исаэль голы (Қайрат - Ордабасы) – 3% дауыс.
 
Мамыр айының үздік голы сауалнамасында жеңіске жеткен Исаэль маусым аяқталған соң жылдың қорытынды дауыс беру сауалнамасына қатысады.