KZ
KZ RU
31 мамыр 2018 10:57

Исаэль голы – Премьер-лиганың он екінші турының үздігі

31 мамыр 2018 10:57
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
   
Қазақстан чемпионатының өткен туры нәтижелі болды деп айту қиын. Командалар алты кездесуде 13 гол соқты. Алайда, жанкүйерлердің таңдауына бірнеше әдемі голдар ұсынылды.  
 
Төрт күндік сауалнаманың қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Исаэльдің «Атырау» қақпасына бұрыштамадан соққан голы үздік атанды. Бразиялық шебер 41% дауыс жинады.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Исаэль голы (Атырау - Қайрат 1:3) – 41% дауыс;
2. Маркос Пиззелли голы (Ақтөбе - Ертіс 1:1) – 33% дауыс;
3. Патрик Твумаси голы (Астана - Жетісу 3:0)  – 21% дауыс.
 
Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Исаэль добы «Мамыр айының үздік голы» сауалнамасына қатысады.