KZ
KZ RU
25 мамыр 2018 10:48

Исламхан голы – Премьер-лиганың он бірінші турының үздігі

25 мамыр 2018 10:48
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың он бірінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен турда жанкүйерлер ерекше голдардың куәсі болды. Алты ойында соғылған 14 голдың барлығы сауалнамаға қатысты. 
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша «Қайрат» жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханның голы жеңімпаз атанды. Ол «Шахтермен» болған ойында екінші таймда алаңға шығып, он минуттан соң сол аяғымен қақпа нысанасын дәл көздеді. Бұл голға отандық жанкүйерлердің 28 пайызы дауыс берді. 
 
Үздік үштік келесідей:
 
1. Бауыржан Исламхан голы (Қайрат - Шахтёр 2:0) – 28% дауыс;
2. Милош Стаменкович голы (Ертіс - Қызыл-Жар СК 5:0) – 17% дауыс;
3. Бауыржан Тұрысбек голы (Ордабасы - Тобыл 0:1) – 12% дауыс.
 
Бауыржан Исламханның голы кезекті рет «Мамыр айының үздік голы» сауалнамасында дауыс беруге болады.